Қарты бардың жұрты бар
29.09.2017
1345
0

Жас күнінде әркімнің де кірісі мен шығысы көп, дегенімен жағдай әрқашан тұрақты бола қоймайды. Біреуі жұмыстан айырылуы, енді бірі мүгедек болып қалуы, тағы бірінің жалақысының төмендеуі, және т.б. себептермен кіріс пен шығыстың арасалмағы алшақтай түсуі мүмкін. Жасы келген сайын әркім зейнет жасындағы өмірі туралы ойлана бастайды. Бірақ зейнетақыны жоспарлау зейнетке шықпай тұрып басталуы керек.

Зейнеткерлікті тиімді жос­пар­лау үшін мына жайттарды ес­керу керек:
Қолданыстағы зейнетақы бағ­­дарламасы бойынша болжам­ды зейнетақы қандай болуы мүм­­кін;
Болашақ зейнетақы мөлшері қа­лай анықталады және оны ұл­ғайту үшін қандай іс-әрекеттер жа­салу керек.
Осы сұрақтарға жауап беру үшін АҚ «БЖЗҚ» ресми сайтын­да әрбір салымшы өзінің бола­шақ зейнетақы төлемдерін санау мүм­кіндігіне ие.
Зейнетақы калькуляторы же­ке салымшының болашақ зей­не­тақы төлемдерін есептеу үшін әзір­ленген. Ол болжамды болып ке­леді, өйткені инвестициялық та­быс пен жалақының өсуі жай­лы жорамалдарға негізделген.
Зейнетақы калькуляторы төрт компоненттен тұрады. Олар:
1. Ортақ Зейнетақы.
2. Базалық зейнетақы.
3. БЖЗҚ-дан зейнетақы.
4. Ерікті жарналар есебінен зей­нетақы.
Ортақ еңбек зейнетақы 01.01.1998 жылға дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар зейнет­кер­лер­ге төленеді. Зейнетақының то­лық мөлшері 60%. 01.01.1995 жыл­дан бергі уақыттан кез кел­ген 3 жылдағы орташа айлық та­быс. Толық еңбек зейнетақы­сы­на қажетті өтіл – 25 жыл. Қа­жет­ті өтілден жоғары әрбір қо­сым­ша жыл үшін – орташа ай­лық табыстың +1%-ы, бірақ оның 75% аспайды. Зейнетақы есеп­теуде қолданылатын табыс­тың ең жоғарғы мөлшері: 46 АЕК. 01.07.2017 ж, бастап; 104 374 теңге; 2017 жылғы толық ең­бек зейнетақысы (60%)=62 624 тең­ге; ең жоғарғы еңбек зейне­т­а­қысы (75%)=78 281 теңге; 2016 жыл­дағы орташа нақты ең-
бек зей­нетақысы =43 152 теңге.
Міндетті жинақтаушы зей­­-
не­т­ақы жүйесі 01.01.1998 жылы Чи­ли моделі бойынша енгізілді: же­ке зейнетақы шоттары мен бел­гіленген жарналар. Міндетті зей­нетақы жарналары жұмыс­шы­ның ай сайынғы табысының 10%-ы мөлшерінде алынады. Ең төменгі еңбекақының 75 есе мөл­шерінен аспауы тиіс.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жар­налары жұмысшының ай сайын­ғы табысының 5%-ы мөл­шерінде жұмыс беруішнің өз қа­ражаты есебінен БЖЗҚ-ға зиян­ды еңбек жағдайларында жұ­мыс істейтін жұмысшылардың пайдасына төленеді.
Мемлекет алушыларға БЖЗҚ-дағы МЗЖ, МКЗЖ нақты салынған көлемінде заңмен бел­гіленген зейнетақы жасына жет­кен­дегі инфляция деңгейін есеп­ке ала отырып, кепілдік береді.
Шартты-жинақтаушы зей-
не­т­ақы жүйесі 2020 жылдан бас­тап зейнетақы жүйесінің жаңа шарт­ты-жинақтаушы құрам­да­уышы – жұмыскердің айлық табысы­ның 5%-ын құрайтын жұмыс беру­шінің міндетті зей­нетақы жар­налары енгізіледі. Ол зей­не­та­қымен қамсыздандыру бойын­ша жауапкершілікті мемлекет, жұ­мыскер және жұмыс берушіге оңтайлы бөлу арқылы зейнета­қы­мен қамсыздандыру деңгейін арт­тыруға арналған.
ЖМЗЖ есебінен зейнетақы тө­лемдері 60 күнтізбелік айдан кем емес жиынтықтағы ЖМЗЖ ау­дарылған жеке тұлғаларға жү­зеге асырылады.
ЖМЗЖ есебінен зейнетақы тө­лемдері ай сайынғы және өмір бойғы болады.
Жинақтар мұраға қалдырыл­май­ды. Жарналардың инфляция деңгейін есепке алып, сақталуы­на мемлекет кепілдік бермейді.
Міндеттемелер инвестиция­лық табысты есепке алып, әрбір са­лымшы үшін салынған жарна­лар мөлшері мен санына байла­ныс­ты қалыптасады.
Зейнет демалысына шығу ке­зін­де барлық жарналарды, жи­нақ­таудың барлық кезеңіндегі ин­вестициялық табысты, қайтыс бол­ған және қоныс аударған са­лым­шылардың барлық жинақта­рын қайта бөлу жағын ескере отырып, жинақ теңгерімі қалып­тастырылады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір