"Қазақ әдебиеті" — Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті. Әр апта сайын, жұма күні шығады.
Газет 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» газеті — Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген.
«Қазақ әдебиеті» - газетінің тарихы


2017 жылдың 6 қазанында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында көрнекті қоғам қайраткері, әйгілі әдебиет сыншысы Сағат Әшімбаевтың туғанына 70 жыл толуына және оның жары танымал жазушы Шәрбану Бейсенованың 70 жасқа келуіне арналған салтанатты кеш өтпек. Қазақ әдеби сынына сүбелі үлес қосып, жаңаша талдау-танымымен дараланған қаламгер ұлт әдебиетіне соны леп, тосын бетбұрыс әкелген болатын. Жиын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Алматы қаласының әкімшілігі мен Қазақстан Жазушылар одағы тікелей қолдауымен ұйымдастырылуда.

Студия «Team28»