«ТУҒАН ЕЛГЕ САЯХАТ»
18.08.2017
1647
0

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне «Астана–Ақтау–Түркістан–Алматы–Астана» бағдарымен сапар шеккен «Туған елге саяхат» теміржол туристік пойызымен екі жүзден аса бала саяхаттап келді.

«Туған елге саяхат» жобасы «Самұрық-Қазына Trust» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асып отыр. Жоба мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында атап көрсетілгендей, «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі», – деген жоба бойынша мектеп оқушыларына туған жер қадірін бала шақтан бастап ұғындыру болмақ. Сондай-ақ, сыртқы әлемге балалардың қызығушылығын арттыру, елдің тарихы мен сәулет ескерткіштерін зерттеп, патриотизмге тәрбиелеу де жоба ұйымдастырушыларының негізгі міндеті.
Балалардың барлығы да шалғайда тұратын, сабақтарын үздік оқитын, көп балалы, толық емес отбасыларынан жиналғанын да айта кету керек. Түркістанға сапар барысында балалар «Әзірет Сұлтан» қорық музейін аралап, Қожа Ахмет Иассауи кесенесін қандай екенін өз көздерімен көріп қайтты.

Д.ҚОЖАМҰРАТОВ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір