ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ САҚТАУ
18.08.2017
1609
0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында «Жаһандық бәсекелестік жағдайындағы қазақстандық мәдениет: күтілетін нәтижелер мен шынайы көрініс» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Шараға Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері Шайзада Тоқтабаева, Т.Жүр­генов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Тарих және бейнелеу өнері теориясы кафедрасының профессоры Ольга Батурина, «Алматы – Дом Мира» арт агенттігінің директоры Дина Дуспулова, ЮНЕСКО сарапшысы Евфрат Имамбек, режиссер-хореографтар Гүлмира және Гүлнар Ғаббасовалар, өнертанушы Гүлзада Омарова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы Әлия Масалимова, «Мир Евразии» қорының жетекшісі Эдуард Полетаев, саясаттанушы, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев, саясаттанушы Марат Шибутов сынды сарапшылар қатысты.
«Қазақ мәдениетінің дамуы үшін жан-жақты қолдау мен барынша қолайлы жағдай жасау Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Жаһандану процестерін тереңдету жағдайында дәстүрлі мәдениетті дамыту мен сақтау, оның ішкі және сыртқы сын-тегеуріндерге төтеп бере алу қабілетін арттыру ерекше маңызға ие», – деді Әлемдік экономика және саясат институтының Алматы өкілдігінің басшысы Асқар Нұрша.
Сарапшылар ұлттық мәдениетті сақтап қалу мәселесін талқылады. Сондай-ақ, сарапшылар Қазақстанның мәдени әл-ауқатын нығайту, Қазақстанда жасалған мәдени өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мемлекеттің жағымды имиджін қалыптастыру үшін сол өнімді пайдалану мәселелеріне де ерекше назар аударды. Пікірталасқа қатысушылар Қазақстандағы мәдени келісімнің бірегей моделі болып саналатын ұлттық мәдени код пен елдегі ұлттардың дәстүрлі құндылықтарын сақтауды қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап айтты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір