«Денсаулық жолы» керуені
11.08.2017
1325
0

Оңтүстік Қазақстан облысында «Денсаулық жолы» керуені жолға шықты. Құрамында сан түрлі дәрігері бар мобильді топ апта бойы тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетеді.

Сала мамандары барлық қа­жет жаб­дықтармен қамтыл­ған. – «Денсаулық жолы» керуе­ніндегі дәрі­гергерлер тұрғын­дар­ды жан-жақ­ты медициналық тексеруден өткізеді. Са­­лауатты өмір салтын насихаттап, ауру­лар­­дың алдын алу жолдарын тү­сінді­реді. Жұқпалы ауру­лар­дың, се­міздіктің алдын алу мақ­сатында төрт бағыт бойынша мамандар ауданда көмек көр­сет­пек. Тұрғындар үшін қа­жетті мәлі­мет­тер мен медициналық анық­­тамалықтар тара­тылады. Кез кел­ген азаматқа тегін кон­сультациялар жүр­гізіледі, – дей­ді Оң­түстік Қазақ­стан облыстық ден­сау­лық сақтау бас­қар­масы­ның басшысы Мұ­қан Егізбаев.
Мобильді топ құрамында те­рапевт, пе­диатр, эндокринолог, онколог, кар­дио­лог, невро­патолог сынды дәрі­герлер бар. Олар тамыздың 11-іне дейін тегін медициналық қызмет көр­­сетеді. Дәрі­герлер сапары 12 аудан мен Кентау, Түркістан қалаларын қамтиды. Маман-дәрігерлер артық дене салмағы мен се­міздіктің қаупін төмен­дету мақ­са­тында дұрыс тамақ­тану мен жеткілікті дене бел­сен­ділігіне байланысты на­­­­си­­хат жұмыстарын жүргі­зе­ді. Тұрғын­дар­ды скринингтік тек­серуден өткізіп, әлеу­меттік маңызы зор аурулардың ал­дын алуға үндейді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір