Бәйге қорытындысы шықты
Былтырғы жылы «Рахымжан Отарбаевтың мәдениет қоры» әңгіме жанрына бәйге жариялаған болатын.
197 автордан шығарма түсті. Саралаудың өзі жеңіл соққан жоқ. Сол себепті, аз-кем кідіріс болғаны рас.
Қазылар алқасы шығармаларды сарапқа сала келе мына авторларды жеңімпаз деп таныды.
1. Кәдірбек Сегізбаев «Керең» – 250 мың теңге.
2. Әділбек Ыбырайымұлы «Баланың ісі» – 250 мың теңге.
3. Төкен Әлжантегі «Қанаты күйген көбелек» – 100 мың теңге.
4. Пернебай Дүйсенбин «Үшем» – 100 мың теңге.
5. Заря Жұманова «Рельстер ешқашан қиылыспайды» – 100 мың теңге.
6. Сәкен Сыбанбай «Мәдениетті кісі» – 100 мың теңге.
7. Мира Шүйіншәлиева «Сағыныш» – 100 мың теңге.
8. Анар Кабдуллина «Барби әйелге дейін» – 100 мың теңге.
9. Серік Нұғыман «Ақын» – 100 мың теңге.
10. Төлеміс Меңдіғали «Канден жетектеген» – 100 мың теңге.
11. Ербол Бейілхан «Жаза» – 100 мың теңге.
12. Жәнібек Дәуіт «Бес жұлдыз» – 100 мың теңге.
13. Гүлім Нұрланқызы «Ешкім жауап қатпады» – 100 мың теңге.
Жеңімпаз атанған авторлар сыйақыны алу үшін тиісті құжатын it.kz@mail.ru эл. поштасына жолдауы тиіс. Байланыс телефон: 8 778 111 97 18.
«Рахымжан Отарбаевтың мәдениет қоры».