Бүркітауыл шыңына шықты
18.08.2015
2593
0

1

Жуықта жазушы Әлібек Асқаров бастаған төрт азамат биігін мәңгі мұз басқан Бүр­кітауыл шыңына шығып қайтты. Үш күнге созылған бұл күрделі шыңға көтерілу жо­лында олар нелер бір жалама құз-жартастарды, арқыраған тау өзендері мен сар­қырамаларды, көбік қар мен көк мұзды басып өтулеріне тура келді. Аталған са­парды олар әйгілі жерлестері, көрнекті қаламгер, марқұм Дидахмет Әшім­ханұлы­ның рухына арнады.

Сібірлік белдеу шкаласы бойынша бесмыңдық деңгейіндегі Бүркітауыл шыңы – Алтайдың Мұзтаудан кейінгі екінші биігі саналады. Оның теңіз дең­гейі­нен биіктігі – 3773 метр.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір