Жарты ғасыр бұрын
21.07.2017
1348
0

29 маусым күні кешкі Мәскеу-1 телеарнасынан «Пусть говорят» телешоуын көріп, 50 жыл бұрынғы Мәскеу, студенттік өмір, шетелдіктермен байланыс туралы талай оқиғалар ойыма оралды. Хабарда африкалық жігіттің Ресейде қалған балалары, орыс әйелдері туралы айтылды. Осыдан 46 жыл бұрын Мәскеудің Стромынна студент қалашығында екі орыстың қызының бір африка жігітіне таласып, төбелескенін көріп шошынып, жиренгенмін.

Жалпы, орыс қыздары ақша болса болды, қай ұлтпен де бас қоса беретініне таңқалатын­мын. Әсіресе, кавказдық жігіттер студент кездерінде Мәскеуде үйленіп, оқу бітірген соң орыс әйелдерін балаларымен тастап кете беретін. Өйткені, олардың ата-аналары басқа ұлтты қабылдамайды екен. Талай әп-әдемі, жақсы орыс қыздарының жылап қалғанын көргенмін.
Жарты ғасыр бұрынғы Мәскеу, оның тұр­ғындары, студенттері қандай еді? Қазір қан­дай? Жастық шағым өткен Мәскеуге 3-5 жыл сайын дос қызыма барып, театр, музейлерін көремін. Өйткені, мен жарты ғасырдан бері «театрмен ауыратын» адаммын. Өзім қазақ мектебін алтын медальмен бітірдім. Әлі орысша білмейтінмін, өйткені Аралда орыс көрмей өстім десем де болады. Бірақ 4-ақ айда орыс тілін меңгердім. Тіл үйренген соң театрға баруды бастадым. Мектепте оқып жүргенімде телевизор, театр көрмесем де, көркемөнерпаз­дар үйірмесіне қатысқаным рас. Шамам келгенше өлең жаттап, би билеп, спектакльдер қойып ойнайтынмын. Жалпы, поэзияға театрға, музыкаға ғашық болдым.
Мәскеудегі біз оқыған топтағылардың 70 пайызы медалистер, еврейлер болды. Мен зерек едім, оқығандарымды, көргендерімді құлағыма, санама құя бердім.
Әрине, жастық албырттық Мәскеуде
оқ­ып жүріп танымал актер Мейірман Нұ­р­е­кеев­пен бас қосып, ажырасып та үлгердім. Өмірдің соқпағын да, тоқпағын да көп көрдім. Бірақ мені жаман жолға түсірмей, жақсы адамдарға жолықтырып, рухани бай болуыма себепші болған Мәскеуді сүйіп өтемін.
Екінші курстан чехтың қыздарымен бір бөлмеде жатып, Еуропа мәдениетін бойыма сіңірдім. Ғаділбек Шалахметов аға мені Мәскеуде «Запах полыни с чехословацким акцентам» дейтін. Ол кезде чехия мен словакия бір респбулика болатын.
Орыс тілін меңгергеннен кейін 3-4 жыл­дың ішінде әлем орыс әдебиеттерімен танысуды бастадым. Мен бармаған театр, музей қалмады.
Бірақ (ең әуелі қазақ қызы болдым) отбасындағы тәрбием солай, анам санама құйып тастаған. Бұрымымды кеспедім, сән қумадым. Тек рухани байлық жинауға ғана ұмтылдым. Шетелдік жігіттер соңымнан көп жүгірді. Бірақ мен: «Я маленкая патриотка большой страны», – деп қазағымды бәрінен жоғары қойдым. Сонда байқағаным қыздар­дың көбісі шетел жігіттерімен кеткілері келе­тін. Маған еуропалық жігіттерге неге қара­майсың деп ұрысатын. Мен болсам, қашан да қазақ тілімді, әдебиетімді, мәдениетімді жоғары ұстап, мақтан тұтатынмын. Қазақтың қыздары осындай әдемі, тәрбиелі, жандүниесі рухани бай, білімді екен деп өзгелер қызық­сын, мен арқылы қазақтың кім екенін білсін дейтінмін. 1970 жылдары Мәскеу студенттері жапон мәдениетіне, әдебиетіне мойын бұрып, Жапония туралы көбірек білуге ұм­тыл­дық. Сонда мен чехтың қыздарына біздің халықтың жапондарға ұқсастығын, әдет-ғұрып, ішкі мәдениетте сабақтастық барын айтатынмын. Бір мысал: жапон халқы ешкім­ге анайылық танытпайды екен. Біздің қазақта да ешкімнің бетінен алып, қатты сөйлемейді ғой. Мен орыс халқына топырақ шашпаймын. Бірақ мәскеуліктермен біздің Қазақ­-
с­танда, Алматыда тұратын орыстардың арасы жер мен көктей. Әрине, қазіргі Мәскеуде әрбір бесінші адам ғана нағыз мәскеулік. Олар қарапайым зиялы адамдар. Бәрін бүлдіріп, «Москва – большая деревня» атын алып берген – лимита, жан-жақтан келген «қасқыр­лар». Студент кезімде талай жергілікті мәскеу­ліктермен араласып, үйлерінде болдым, қарияларын көрдім. Маған ұнайтын. Қазір біздің Алматы да сондай мәдениетсіз үлкен ауыл болып барады. Уақыт қиын деп бәрін нарыққа жауып, күнкөріс үшін жұмыс іздеп Астанаға көшті. Әдебиет, мәдениет, му­зыка, көркемөнер бары, рухани байлық күнкөрістің көлеңкесінде қалып тұр. Бұл – болашақ ұрпақ үшін ойланатын мәселе. Біз еңбекпен ауылымызды неге көтермейміз? Түп-тамырымызды неге үземіз? Егер ауылда жұмыс, басқа да жағдай бар болса, қазақ ата қонысынан қозғалар ма еді? Депутат мырзалар соны неге ойластырмайды? Ал бала тәр­биесі мүлдем ақсап тұр. Зиялы, ұлтжанды азаматты қашан тәрбиелейміз? Тәрбие оттың басынан басталады. Оны бақшаға, мектепке ысыра салудың еш қажеті жоқ. Қарын тойдырудан, той жасау жарысынан алдымызға жан салмаймыз. Уақыт тауып, көңіл бөліп, әңгімелесіп, баланы кішкентай, 4-5 жасынан театрға апарсақ, кітап оқытсақ, аздап болса да тарихтан, әдебиеттен хабардар болар еді. Мен қазір 35 жасар ұлымды көріп, өз еңбегім­нің зая кетпегеніне, тәрбиелі, білімді, рухани бай, бір сөзді, қамқоршы азамат тәрбиелеге­німді мақтан тұтамын. Тіл-көзден аман болсын. Себебі, мен ұлымды қиындықтарға, баспанасыздыққа қарамай, жетектеп жүріп өсірдім. 3-4 жасында айтысқа, терме күй өнерлеріне, музейлерге апарып, көркем өнер­ге баулыдым. Классикалық музыка тыңдап, театрға барып өскен баладан жаман азамат шықпайды. Қасындағы жолдас балаларын да ерте жүретінбіз. Бәрі де өмірде орны бар, жақсы азаматтар болып өсті. Ата-аналары кездескен жерде алғыстарын айтып жатады.
Жалпы, жалқаулық пен қыдырымпаз­дық­ты азай­тып, бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлген дұрыс. Мәселе балаға киім, тамақ тауып беруде емес, дұрыс бағыт беріп, әңгімелесіп, қолыңнан келетін тәрбиені берсең, артық болмайды. Қазір бір жаман індет меңдеп барады. Жігіттер басқа ұлттың қыздарына үйленуді дәстүрге айналдыра бастапты. Жасы үлкен, ауқатты қыздар іздеп, соларға үйленетін болыпты. Сонда бар
ауыр­т­палықты әйелдеріне салғысы келе ме? Еврей халқында анасы еврейка болса болды, ол еврей саналады. Ол, әрине, шындық. Себебі, тоғыз ай құрсағында жатқан, ақ сүтін емген анасы қай ұлт болса, бала да сол ұлт болып шыға келеді. Ал жігіттердің басқа ұлтқа үй­ленетін себебі – отбасында дұрыс тәрбие болмағандығынан деп түсіну керек. Анасы баланың санасына ең бірінші өз ұл­тыңды сүй, сыйла, әдебиетін, мәдениетін жоғары қой деп сіңірмеген. Мен баламның санасына 12-13 жасынан: «болашақ жарың біріншіден, қазақ, екіншіден, текті болсын», – деп сіңірдім.
Орыс фильмдері мен телехабарларындағы әкесін, күйеуін сыйламайтындарды көр­се­тетін­мін. Басқа ұлттан немесе орыстан әйел алсаң, осындай бейшара боласың, балаларың қазақ болмайды деп қорқытатынмын. Балаларын қазақи тәрбиемен өсіріп жатыр.
Мен орысқа топырақ шашайын деп отырғаным жоқ. Олардың да жақсы жақтарын үйренуіміз керек. Сонда біз қос ананы тел еміп өсеміз. Әлі есімде, 1975 жылы желтоқсанда Мәс­кеуде қазақ жастары кездесу (землячес­тво) өтті. Сонда мінбеден белгілі қоғам қай­раткері, танымал журналист Ғаділбек Ша­лахметов: «Смотрите на мир двумя глазами – один казахский глаз, а второй мировой», – деді. Ол көзіңді кеңірек ашып, өмірге әрі қазақтың, әрі әлемдік көзбен қара. Көре біл, жақсы-жаманды айыра біл, – деген сөз ғой.
Халқымнан өтінерім, екі көзіңді ашып, отбасыңа, бала тәрбиесіне көңіл бөл! – деу ғана.
Гүлбаршын ЖАРЫЛҚАСЫНОВА,
ұлтжанды қазақтың қызы, зейнеткер.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір