Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауының ережесі
11.07.2017
1607
0

1. Жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Рес­пуб­ли­­касының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры тағайындаған әде­­биет саласындағы «Алтын то­был­ғы» сыйлығын (бұдан әрі «Сый­лық»)беру тәртібін белгі­лей­ді.
2. Сыйлықтың мақсаты – қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту, қолдау көрсету және насихаттау.
3. Байқаудың міндеттері:
1) жаңа ұрпақтың қазіргі заманғы көркем әде­биеттегі өмірлік философиялық қағи­дат­та­рын бейнелейтін жас қазақстандық қалам­гер­лерді анықтау және ынталандыру;
2) тың әдеби үрдістердің қалыптасуына қол­дау көрсету;
3) қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есім­дерді көпшілік қауымға таныстыру.
4. Сыйлық құрылтайшысы мен ұйым­дас­тырушы – Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасының Қоры (бұдан әрі Сыйлық құрылтайшысы немесе Тұңғыш Президент Қоры.
Сыйлықты тағайындау байқауын өткі­зу­дегі Жоба серіктестері: Қазақстан Жазу­шы­лар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.
5. Сыйлық байқау негізінде төмендегідей номинациялар бойынша тағайындалады:
1) «Жылдың үздік прозасы»;
2) «Жылдың үздік поэзиясы»;
3) «Жылдың үздік драматургиясы»;
4) «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;
5)«Туған ел» тақырыбындағы арналған үздік әдеби туынды.
6. Әрбір номинация жеңімпазына әдебиет са­ласындағы «Алтын тобылғы» сыйлығының лау­реаты атағы және 1 миллион теңге кө­ле­мінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге кө­леміндегі арнайы сыйақы «Туған ел» ар­нал­ған тақырыптық номинация жеңім­пазына бе­ріледі.
2. Өткізу тәртібі
Байқаудың басталғандығы туралы хабарландыру Тұңғыш Президенті Қорының сайтында www.fpp.kz және бұқаралық ақ­парат құралдарында жарияланады.
Шығармалар 2017 жылғы 1 шілде мен
1 қарашаға дейінгі аралықта қабылданады.
Байқау қорытындысы 2017 жылы желтоқ­санның бірінші онкүндігінде жарияланады.

3. Сыйлыққа әдеби
туындыларды ұсыну тәртібі
1. Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлердің қазақ және орыс тіліндегі шы­ғармалары қабылданады.
2. Бір автор екі номинацияға қатысуға құ­қылы.
3. Авторлық жұмыстарға қойылатын та­лаптар:
1) байқауға бір автордың бұрын еш жерде жа­рияланбаған екі шығармасы ғана қабыл­да­нады;
2) байқауға бейнормалық қолданыстағы сөздер кездесетін, этикалық нормалар мен авторлық құқықтар бұзылған шығармалар қабылданбайды;
3) шығарма А-4 форматында, мәтін 14 көлеміндегі Times New Rоman шрифтімен 1,5 аралықта терілуі керек. Мәтіннің көлеміне қойылатын шектеу:
– проза үшін – 35 беттен кем емес;
– поэзия үшін – 5 беттен кем емес;
– драмалық шығарма үшін – 30 беттен көп емес;
– балалар әдебиеті үшін – 25 беттен көп емес;
– «Туған ел» тақырыбына арналған түрлі жанрдағы әдеби шығарма (проза – 35 беттен кем емес; поэзия – 5 беттен кем емес;
драма – 30 беттен көп емес; балалар шығармасы – 25 беттен кем емес;).
4) Байқауға жіберілетін өтінім «Алтын тобылғы» деп белгі қойылып бір конвертпен мынадай тәртіппен жіберілуі керек:
Конвертке бөлек салынатындар 1) ав­тор­дың аты-жөні көрсетілмей бір данада басып шығарылған шығарма, 2) автордың өзі туралы мәліметтер осы конверттің ішінде жеке конвертте болуы тиіс: аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, бай­ла­ныс телефондары, e-mail.
4. Өтінімдер поштамен Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 10 үй, Қазақстан Респуб­ли­касының Тұңғыш Президенті – Елба­сы­ның Қоры мекенжайына және at2017@fpp.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
5. Байқауға қатысуға өтінім бере отырып, автор:
1) өзінің авторлығын растайды;
2) Сыйлық ұйымдастырушыларына шы­ғар­маларды бұқаралық ақпарат құрал­дарында, Ұйымдастырушының ұйғарымы бойынша жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсатын береді;
3) авторлық гонорарды талап етпейді.
6. Қабылданған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
7. Жұмыстарды Байқауға жіберумен және салтанатты марапаттау рәсіміне қатысумен байланысты шығындарды қатысушылар өздері өтейді.

4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
1. Қолжазбаларды бағалау және Сыйлық жеңімпаздарын (лауреаттарды) анықтауды Сыйлық Құрылтайшысы елімізге танымал ақын-жазушылардан, баспа өкілдерінен, сондай-ақ байқау құрылтайшылары мен серіктестері өкілдерінен жасақтаған (7 адамнан кем емес) қазылар алқасы жүзеге асырады.
2. Қазылар алқасының құрамы мен Тө­р­а­ғасын Сыйлық Құрылтайшысы бекітеді.
3. Қазылар алқасының Сыйлық талапта­рына сәйкес келмейтін шығармаларды қара­мауға (сонымен қатар, анонимді шығар­ма­ларды) құқы бар.
4. Байқауға ұсынылған шығармалар қазылар алқасы мүшелеріне анонимді түрде жіберіледі (автордың есімі аталмайды).
5. Қорытынды шешім қазылар алқасының жал­пы санынан кемінде 2/3 кворумы болған жағ­дайда ашық дауыс беру арқылы қабыл­данады.
6. Байқауға ұсынылған туындыларды әділ бағалау үшін барлық жұмыстар ано­нимді түрде бағаланады. Байқауға ұсынылған жұ­мыс­тарды бағалау кезінде шығарманың өзек­­тілігі мен автордың ойлау дербестігі, ұста­­нымы, баяндау реттілігі мен мағына­лы­лы­ғы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құн­ды­лығы, эстетикалық әсер тереңдігі басшы­лық­қа алынады.
7. Қорытынды шешім қабылданғанға дейін анонимділік сақталады.
8. Қазылар алқасының шешімі ақырғы болып табылады және қайта қаралмайды.
9. Сыйлыққа лайықты шығармалар түс­пе­ген жағдайда, Қазылар алқасы Ұйым­дас­тырушыларға сол номинация бойынша жүл­денің толық берілмеуі немесе жартылай бө­ліп беру туралы ұсыныс беруге құқылы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір