ҚазҰУ – «G-Global-дың үздік штабы»
30.06.2017
905
0

Астанада алғашқы «Жастар G-GLOBAL-ды қолдайды» республикалық байқауының нәтижесі белгілі болды. «G-Global» жаһандық ақпараттық-коммуникативтік платформасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастар штабы бірінші орын иеленіп, Қазақстанның 51 жоғары оқу орнының штабтары арасында үздік деп танылды.

Байқау өткен жылдың қараша айында ҚР БжҒМ қолдауымен бас­талып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен жүзеге асқан «G-Global» ауқымды жобасын ілгері жылжытып, насихаттау мақсатында өткізілді. Атап өту керек, республикалық байқау қазақстандық жастар тарапынан үл­кен қызығушылық пен шынайы қолдау тауып, жастардың шы­­ғармашылық, зияткерлік әлеуе­ті мен жасампаз қуатын бі­рік­тіруші алаңға айналды. Әлем­­дік экономика, адамдық ка­питал дамуы мен өркениеттің тұрақ­ты да­муының өзекті мә­селелері бойын­ша пікірталас­тар­ға жас­тардың белсене қатысуы жас ұрпақтың мемлекеттің әлеу­мет­тік-экономикалық және ин­но­вациялық дамуында жауапкер­ші­лік пен тұрақты әлем құруда өз ро­лін сезінетіндігін растайды.
«G-Global» халықаралық хат­шы­лығының жетекшісі Серік Нөгербеков салтанатты түрде қа­тысушыларды белсенді азамат­тық ұстаным танытқандығы үшін алғыс айтып, финалистерді құттықтады. Жүлделі орын иеленген жеңімпаздар «G-Global» халықаралық хатшылығының дипломдарымен марапатталды. Осы орайда «Жастар G-Global-ды қолдайды» республикалық бай­қауы­нда екінші және үшінші орын­ды Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ мен Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның штабтары иеленгенін ай­тып өткен жөн. Сонымен қа­тар, ұйымдастырушылар байқау­ды жыл сайын өткізу жоспары ту­ралы хабарлады. Олардың пі­кі­рінше, бұл жастарды өзін-өзі же­тілдіріп, өзін-өзі танытуда ын­таландыра түспек.
Бейбарыс Бақтаев.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір