Республикалық жазғы мектеп
Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жалпы және қолданбалы психология кафедрасы және психологиялық инновация мен технология Орталығының ұйымдастыруымен «Психологиялықшеберханалар: Денсаулық, білім беру және өндірістегі қолданбалы психология» атты I республикалық Жазғы мектебі ашылды. Ашылу салтанатында Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, профессор З.Б.Мадалиева сөз сөйлеп, аталмыш мектептің мақсат-міндеттерін көрсетіп, жоба жайлы толығырақ ақпарат берді.
Қазіргі заманғы Қазақстан –сан қырлы психологиялық қызмет көрсету нарығы және оның аясы күн артқан сайын кеңейіп жаңғыртылуда. Осыған байланысты, еліміздің қазіргі даму жағдайы сұраныстарын қанағаттандыратын қолданбалы психологтар аса қажетті кәсіп түріне
айналып отыр. Сондықтан Жазғы психологиялық мектептің ұсынған бағдарламасында қолданбалы психологияның өзекті мәселелері қамтылған. Мектеп оқушыларына психологқа тән эмпатия, түсіну және көмектесу сияқты сипаттарды меңгеруге әрі сезінуге мүмкіндік беріледі. Жалпы, Қазақстанда психологтарды кәсіби оқытуды ұйымдастырудың жинақталған мол тәжірибесі бар – онкүндіктер, фестивальдар, интенсивтер, конференциялар, семинарлар және т.б. Енді, міне, осындай кәсіби даму мен тұлғалық өсуге мүмкіндік беретін форматтарға жазғы психологиялық мектепті өткізу дәстүрі қосылып отыр.
Психологиялық инновация мен технология Орталығының директоры, психология ғылымының докторы, профессор Ф.С.Ташимованың айтуынша, психология бойынша өткізіліп отырғантұңғыш Республикалық Жазғы мектептің мақсаты – адамның өмір барысында және кәсіби іс-әрекетінде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңудің жаңа психологиялық әдістері мен стратегияларды меңгеруге үйрету. Осыған орай, әлемдік психологияның қолданбалы аспектідегі жетістіктерімен танысу; өмірдің түрлі салаларында практикалық психологияның қазіргі заманғы технологияларын игеру; өмір қиындықтарын жеңуге байланысты психологиялық ғылым мен практиканың қолданбалы аспектілерін талдау мен қорыту; корпоративтік мәдениет пен ынтымақтастық психологиясын қалыптастыру. Мектеп төмендегідей жұмыс түрлерін ұсынды: психологтардың шеберлік класстары; ауызша сөз сөйлеу (талқылау, пікірталас, рефлексия); практикалық сабақтар (тренингтер, түсіндіру, талдау және түзету стратегиясы) мәселелерін де игеру көзделген.
Шараға еліміздің әр түпкірінен (Астана, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Семей, Тараз және т.б) психология саласында қызмет етіп жүрген мамандар мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Жазғы психологиялық мектеп аясындағы оқыту нәтижесі бойынша қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар берілді.
А.Х.Аймағамбетова,
Ж.С.Сейітнұр.