АЛҒЫС АЙТАМЫН!
Құрметті редакция! Үстіміздегі жылы сексен жасқа келуіме байланысты ҚР Жазушылар одағынан бастап, жер-жерден жолданған ақ тілек, жылы лебіз, құттықтау-марапаттар аз болған жоқ (әлі жалғасуда). Атап айтқанда, өткен жылғы желтоқсан айының үшінші онкүндігінің орта шенінде Жазушылар одағының кафесінде үлкен-кіші бір қауым әріптестерге дастархан жайған Амантай қажы, профессорлар Жақсыбай Қасымбеков, Өрісбек Шоманов бастаған жанашырлар; туған күніме (21 қаңтар) мақалалар жариялап, ілтипат көрсеткен мерзімдік басылымдар; отбасымызға келіп құттықтаған Алматы облыстық әкімінің орынбасары Жақсылық Омаров; өзі құрметті президент боп саналатын «Казгоракадемпроект» мекемесінде академик атағын берген Әбдісағит Тәтіғұлов; туған жер, атамекенде атап өткен Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев; ертеңіне мейрамханада екі жүз адамға дастархан жайған облыстық №6 аурухананың бас дәрігері, белгілі ұйымдастырушы-ғалым Икрам Төлеев, зайыбы Шолпан Қаламбаева бастаған тума-туыс, ағайын-жекжат; Түркістан қаласына шақырып өз атынан шапан жауып, құттықтау папка ұсынған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев; аса құзырлы, мерейлі медаль таққан «Түрксой-дың» Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Сарыағаштағы аудан әкімшілігі өткізген мерекелік жиында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын тапсырған Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, көрнекті ақын Жанарбек Әшімжан, Жазушылар одағының Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының директоры, белгілі ақын Бақытжан інім Алдияров; Астанадан келіп құттықтаған жазушы Көпен Әмірбеков; өзге де көп-көп тілектес, ниеттес ағайындар – барлығына; Жазушылар одағына шын жүректен алғыс айтамын.
Зәкір АСАБАЕВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
академик, ҚР мәдениет қайраткері,
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы,
«Түрксой», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері.