ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫ ҮШІН ДЕ МАҢЫЗДЫ
02.06.2017
1517
0

Якуб ОМАРОҒЛЫ,
Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы (Түркия)


Дүниежүзі адамзаттың бұрын-соңды тәжірибесінен өтпеген белгісіз бір жаққа қарай беттеді. Тарих қайталанады деген пікір кем дегенде мәдениет пен өнер саласында жарамсыз болып қалғаны қашан. Бүгінгі күнде қарқынды жалғасқан технологиялық даму, мәдени өзгеріс сынды құбылыс пен бетбұрыс адамзат тарихында болмаған және болашақта да болмайтын секілді. Дамыған технология мен экономикалық мүмкіндіктер арқылы күні кеше ой-қиялға кірмейтін мәдениет саласындағы өнімдерге қол жеткізу мүмкіндігі өсті, күн өткен сайын өсіп те келеді. 

Алайда, көзге көрінер қарқынды дамумен қатар ұлттардың және адамзаттың мәдени жұтаңдығы, ру­хани әлсіреуі мен ұсақталуы әлі де жалғасын тауып отыр. Бұл жағ­дай­дың әлеуметтік және пси­хо­ло­гиялық себептерін анықтаған әлем­нің түкпір-түкпіріндегі зия­лы­лар мына ойды қайталап айтуда: Адамзат жаратылысынан бірде-бір ке­зеңде экономикалық және тех­нологиялық мүмкіндіктерге бү­гін­гі­дей ие болмаған, алайда бұ­рын-соң­ды да ешбір кезеңде мәдени тұр­ғыдан соншалықты құлдырап кет­пеген.
Осы маңызды оймен бөлісіп, мәдениет пен өркениеттің дамуына қашан да мән беріп отырған зиялылар ретінде Қазақстанды және Қазақстанның Президенті Құрметті Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтап, алғыс айтуымыз керек. Өткен айда қазақ басылымдарында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы арқылы Мемлекет басшысы бүкіл әлемнің жанталаса күресіп жатқан мәдени жұтаңдыққа қарсы ұлттық бағдар­лама жария етті. Аталған бағдарлама қазақтың мәдени коды мен ұлттық бол­мысын сақтауынан бастап, мә­дени дипломатияның жүзеге асырылуына дейінгі нақты мақсаттар мен атқарылатын жұмыстарды қам­тыған. Түркияда мақала туралы жа­рық көрген жаңалықтарда латын әрпіне көшу мәселесі ғана ай­тыл­ған. Алайда, мақаладағы көтерілген кейбір мәселелердің, айтылған тұшымды ойлардың латын әрпіне көшуден әлдеқайда маңызды екендігін көруге болады.
Интернеттен бастап, теле­ди­дар­ға дейін барлық жерде белең ал­ған жаһандық мәдениет ағынына бе­ріліп, жоғалып кетпеу үшін жар­ма­сатын бір ғана бұтағымыз бар, ол сөзсіз – ұлттық кодымыз. Сон­дық­тан да жаһандық ағынға беріліп, жұтаңданып кетпеу үшін тамырымызды тереңге жіберетін бір ғана же­ріміз бар – туған ел мен ұлттық код.
«Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламасы өткен шақ­тан қалыптасқан мәдени код­тарға қатысты соңғы кезде ант­ро­по­лог­тардың жасағанындай тек қана мақ­тап жерге сыйдырмау керек де­ген түсініктің орнына, адамзатқа ескертпе жасаған американдық ға­лым Роберт Б.Эдгертонның сараптамасына жақындау келетін шынайы анализдерге ие. Эдгертон ұлт­тық-мәдени кодтардың ішінде адам­заттың бақытты өмір сүру үшін аса маңызды және тарихта сы­налған факторлардың бар екенін ай­тады. Сол сияқты, қоғамға зиян ти­гізетін факторлардың да бар екен­дігін жасырмайды. Осы тұрғы­дан келгенде, аталған бағдарлама ұлттық мәдениетке мән беруімен қатар жершілдік сынды кейбір факторлардан бас тарту қажеттігін және сонымен күресу керек екен­ді­гін жеткізеді. Менің ойымша, бағ­дарламаның ең маңызды жағы осы. Өйткені, бұл көзқарас аталған бағдарламаны өз мәдени кодтарын ғана көрсоқырлықпен ұлықтайтын және өзгенің мәдениетін жатсынатын тәсілдемеден бас тартқызып, қа­зақтың мәдени кодтарын өз хал­қына және бүкіл адамзатқа ба­қыт пен қуаныш сыйлайтын хәлге жет­кізуде.
Туған жерін басатын, ұлттық әнін салатын, адамға деген сүйіс­пен­шілікпен қарайтын және сол дә­режеде рухани болмысына үңіле біле­тін адамдарды жетелдіру және осы құндылықтарды бүкіл әлеммен, адамзатпен бөлісу бағдарламаның ең негізгі мақсаты деп қарауға бола­ды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламасы қате жаң­ғыру мен жаһандық жұтаңдыққа қар­сы әлемдегі үлгісі жоқтың қасы, тіп­ті алғашқы жүйелі түрде жасал­ған қадам деуге болады. Сондықтан бұл тәжірибе Қазақстан үшін қан­ша­лықты маңызды болса адамзат үшін соншалықты маңызды. Аса қы­зығушылықпен және үмітпен бағ­дарламаның нәтижесін бақылап оты­рамыз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір