«100 Қазақстандық Үздік кітап»
02.06.2017
3043
0

Алматы қаласы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Жастар жылына орай бірнеше жаңа жоба ашты. Соның бірі – «100 Қазақстандық Үздік кітап». Осы жоба аясында арнайы мамандар, кітапханашылар жастардың оқуына ұсынатын жүз кітаптың тізімін жасап, кітапхана жүйесінің әр бөлімшесінде кітап көрмелерін қойды. Енді Алматыдағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кез келген бөлімшесінен керек кітабыңызды алып оқуға болады. Кітапханалардың әлеуметтік желілердегі парақшаларына тіркеліп, оқыған кітаптарыңыз туралы ұсыныс қалдырып, оқуға кітап ұсынуыңызға да болады.

«Табысты болудың ең іргелі, басты факторы бі­лім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында бі­лім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құн­дылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоя­тын ұлт қана табысқа жетеді», – дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласында. Білімді адам – ұлттың ай­насы. Тарихының беті бедерлі еліміздің егемен­ді­гі әлі жас. Соның тұғырлы болуы жастардың ен­шісінде. Білімді, жүзі жарық, бәсекеге білімімен қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге кітапханалар да өз тара­пынан қанағаттанарлық істер атқаруда. Әр ­түрлі кітапханалық жобалар да кітап оқылуын на­сихаттау мақсатына бағытталған. Ендеше, білім­ді насихаттап, еліміздің болашағына үн қосыңыз.

Ғазиза Нұрғалиева.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір