«Жібек жолы» жәрмеңкесі өтеді
3-4 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі және «Бахыт» сәндік қолданбалы өнер орталығы бірлесіп «Жібек жолы» атты дәстүрлі Ортаазиялық көрме-жәрмеңкесін өткізеді.
Ортаазиялық қолөнер шеберлерінің шығыстық сән-салтанатқа толы «Жібек жолы» көрме-жәрмеңкесі жыл сайын өткізіліп тұрады. Осы жолы көрме-жәрмеңкеге Қазақстанның әр аймағынан келген халық шеберлері және Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия елдерінің 80-нен астам шеберлері қатысады. Көрмеге сыйлыққа арналған заттар, кәдесый, зергерлік бұйымдар, киім-кешек, сазды аспаптар, шығыс миниатюрасы мен кілемдері, киізден және жібек маталардан жасалған бұйымдар, тоқыма және шамшырақтар, бойтұмарлар мен былғары бұйымдар қойылады.
4 маусымда «Жібек жолы» атты ортаазиялық көрме-жәрмеңкесі аясында «Халықаралық балаларды қорғау күні» мейрамына орайластырылған «Алтын-Көл» балаларды қамқорлыққа алу мен аналарды қорғау қайырымдылық қорының балаларына арналған «Жаз – 2017» қайырымдылық шарасы өткізіледі.
Көрме-жәрмеңкеге кіру ақылы.
Көрме-жәрмеңкенің жұмыс орны мен уақыты: Мемлекеттік Орталық музей («Самал-1»
ықшамауданы, 44 үй), 3-4 маусым, 2017 ж.,
сағ 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.