Халық алдында есеп берді
17.03.2017
1118
0

Наурыз айының 13-і күні «Қа­зақстан Халық Банкі» АҚ 2016 жылдың он екі айы бойынша біріктірілген қаржы нә­тижелері туралы баспасөз өкіл­деріне есеп берді. Шараға атал­ған банктің басшылық құра­мы мен бір топ журналис­тер қатысты. Өткен жылдағы банк­тің есептік көрсеткіші ай­тылып, өзге нәтижелермен са­лыстырмалы түрде сабақ­тас­тырыла баяндалды.Банктің 2016 жыл­ғы жеткен жетістігіне тоқ­тал­ған Қа­зақстан Халық Банкінің Бас­қар­ма Тө­рағасы Үміт Шаяхметова: «Кре­­дит­теудің өтімділігі мен тоқта­ты­ла тұруы­ның, теңгедегі жоғары мөл­шер­­ле­ме­лер­дің болмауымен көрсе­тіл­ген, қа­зақстандық коммерциялық банк­­тер­дің жаппай барлығы үшін күр­делі бол­ған жылдың басына сүйене отырып, 2016 жылға жасалған болжам­дар­дың жағымсыз болуына қарамас­тан, біз портфельдің тәуекелдері мен сапасына айрықша назар аударуды жал­ғас­тыра отырып, пайдалылық бойынша өз қарқынымызды сақтап қалдық, капиталға 20 % төмен емес кірістілікті қамтамасыз ете алдық» деп атап өтті.
Аталмыш шараның соңында журналистерге кезек беріліп, өткен жыл­дың қорытындысына және жалпы банк­тік қызметтің сапасына бай­ла­ныс­ты сауалдар жолданды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір