«СОҒЫС БАЛАЛАРЫ»
21.10.2016
1490
0

15-betke27 қазанда Алматыда «Соғыс балалары» атты көрме ашылады. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы Испанияның Қазақстандағы Елшілігімен бірлесе ұйымдастырылып отыр.

Түрлі құжаттардан, ес­телік­терден, хаттардан, жеке жаз­балардан,  суреттерден,  фотосурет­терден, мұғалімдердің баян­­­да­маларынан құралған бұл көр­ме­дегі жәдігерлер – бірқатар ұйымдар мен жеке тұлғалар жүргізген ұзақ зерт­теулердің же­місті нәтижесі. Олар­дың арасында Мәскеудегі  Ис­пан  орта­лығы, «Мұрағат, Соғыс жә­не Қу­ғын-сүргін» Ассоциациясы және оның Бас хатшысы Доло­рес Кабра ханым, «Аңсау» қоры, Ка­талонияның Ұлттық мұрағаты жә­не көрменің жетекшісі Хуан Бар­село мырзаларды атауға болады.

Көрме 27 қазаннан 20 қарашаға дейін жалғасады, ол Испанияның қа­зіргі заман тарихының бір бө­лі­гін және бұрынғы Кеңес Социа­лис­тік Республикалар Одағының та­рихын, сәйкесінше, Қазақ­стан­ның да тарихын қамтиды. Көрме мың­даған испандық баланың басынан өткен қасіретін көрсетеді, олар 1937 жылдан бастап, Испа­ния­дағы Азамат соғысы (1936-1939) кезінде елден көшіріліп, бұрынғы КСРО-дан пана тапты, алайда, одан да қатыгез Екінші дүние­жүзі­лік соғыстың зоба­ла­ңына кез бол­ды. Аталмыш көр­менің түпкі мақ­саты – кішкентай кездерінен-ақ соғыстың сұрапыл зардабын көру­ге мәжбүр болған балаларды құр­метпен еске алу.

Көрменің жетекшісі Аида Әділбекова.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір