«ТҮРКІ РОМАНТИЗМІ» КӨРМЕСІ
08.07.2016
1630
0

Ахмедов Р. Полдень 1961г .х.м.2016 жылы 1 шілдеде Ә.Қастеев атын­­дағы ҚР Мемлекеттік өнер му­зейі­нің Ор­талық көрме залында жеке коллекция­дан «Түркі романтизмі» атты көрме ашылып, онда отыздан аса жұмыс қойылды.

Осы жылдың наурыз айында музей «Кеңес елінің өнері» атты социалистік реа­лизм көрмесін көпшілікке ұсынған бола­тын. Ал бұл экспозиция – Өз­бек­стан, Қыр­ғызстан және Қазақстан мек­теп­терінің социалистік реализм өнерінің көр­мелері циклынан екінші жоба.

Социалистік реализм өнері өмірдің әді­­­л­етті көрінуі негізінде өмірдің қайта құрылуына, жаңа қоғамның қалып­тасуына, бейбітшілік күреске, демократия мен социализмге, жаңа адамның қа­­­лыптасуына бел шеше атсалысады. Кеңес дәуірі жыл өткен сайын алыстап ба­ра жатса да, уақыты келгенде сол дәуір­­ді бейнелеген көркем туындыларға ғана емес, сол процестің қатысушылары – социа­листік идеалдарға шын жүре­гімен се­ніп, соны шығармашылығында көрсете біл­ген авторларға деген ықылас күшейе тү­седі. Оған көркемдік форманың мүл­тіксіздігін қажет ететін об­раздық ақиқат пен идеялық тереңдік тән. Социалистік реализм әдісі басқа бір ресми таңбалармен сәйкеспейды, ол өнер­дің идеялық-эстетикалық негіз­де­рін бағамдайды, алайда, мұнда даралық­тың, жанрлардың, стильдердің, көр­кем­­дік формалар мен ұлттық ерек­­ше­­лік­тердің сан алуандығын ай­қын­дайды.

Социалистік реализм туындысына өмір­­мен, заманмен тығыз байланыс­ты­лық, қайталанбас, жекелеген адамдар­дың образы мен оқиғалар арқылы заңға сәй­кес­­тілік пен озаттықтың бейнеленуі тән бол­­ды. Өмірдің реалистік көрінісі осы өнер­­де өмір шындығын тереңірек және кеңі­рек қамтуына, жеке тұлға мен қо­ғамның сан қырлы байланысын ашуы­­на, ең бастысы, өмірдің өткені мен қа­зі­р­гісі­нің ғана емес, болашаққа ұм­тылы­сында  оның дамуындағы озық тенден­ция­­­лар­дың бой көрсетуіне байланысты жаңа сипат алды. Социалистік реализмнің ре­волюция­лық романтикасы, оның тарихи өміршеңдік оптимизмі де, міне, осында.

Социалистік реализм өнеріне қоғам­дық өмірді жетілдіру үшін белсене күре­се­тін жасампаздың – жағымды кейіп­кер­дің жаңа типі тән болды. Социалистік реа­лизм өнері бұнымен бірге кемші­лік­тер­ді, теріс тенденцияларды, әрекет қай­шы­лықтарын көрсете отырып, жаңа қо­ғам­­ның нығайып, дамуы  үшін, бей­­­­­­біт­­ші­лік пен халықтар арасындағы ын­ты­­мақ үшін күрес­те халыққа көмекте­се­ді. Жаңаны, әде­міні берік ор­нық­ты­руда, ескіні мойын­­дамай, теріске шыға­руда сурет­ші­нің идеялық-эстетикалық ке­сім­ділігінде оның азаматтық шабыты көрініс табады. Өнер­танушы К.В.Ли өз мақа­ласында: «Социа­листік реализм өнері әлеуметтік тап­сырыстарды ғана орын­дап қойған жоқ. Ол адамның еңбек қуанышы, туыс­тық, мемлекет билігіне толық сенім, ел мен жерге деген махаббат бар жердегі «дұ­рыс» өмір туралы адамның ойын шын­дығында жүзеге асырды. Осы постулаттарды бағыт-бағдар етіп, адам­заттықтың не­гізін символдайтын сурет­шілер де бе­рі­ліп, шабыттана жұмыс істе­ді. Бұл туын­ды­лар расында тұрмыс қуаны­шына бө­ле­ніп, олардың позитивті екпіні барған сайын айқындала береді», – деп жазды.

Кеңес Одағының тарағанына да отыз жыл өтті. Біз сол кездің авторларына жаңа­­ша көзбен қараймыз. Зерттеушілер сөз­­сіз сол кездегі суретшілердің жоғары кә­­сі­билігін бағалайды. Шеберлік мықты ака­­демиялық мектептен нәр алады. Бү­гін­гі экспозицияның авторлары өте белг­і­лі шеберлер. Өзбек мектебінің өкілдері: Абдулхақ Ақсақалұлы Абдуллаев – Өзбек КСР халық суретшісі. Елінің адал ұлы, өз заманының адамы, орыс көр­кем­су­рет мектебінен тәлім алған кес­кін­­де­ме­ші А.Абдуллаев – шығар­ма­шы­лығында өз халқының жаңа өмірінің қырларын ашып көрсеткен нағыз ұлттық өзбек сурет­шісі. Ахмедов Рахим – зор кес­­кіндемелік темперамент шебері. Сурет­­ші өзінің ең үздік шығармаларында уақыттың басты да маңызды нышандарын, ұлттық ерекшелік қырларын көркем әрі ешкімге ұқсатпай көрсетті. Рахим Ахмедов жасаған замандастарының, на­ғыз халықтық бейнелер галереясы 50-70 жыл­дардағы Кеңестік Өзбекстан бейнелеу өнерінде алдыңғы қатардан орын алды. Брынских Борис Александрович – Өзбек КСР еңбек сіңірген сурет­шісі. Оның сүйікті тақырыбы – ескі Таш­кент қаласы, оның көшелері. Суретші салған шет жақтағы бау-бақшалар мен ме­шіттер, саз балшық көшелер, алып шы­нарлар, күмістей жайқалған жапы­рақтар – картиналарға ұлттық ерекшелік бі­тіреді. Суретшінің туындылары Өзбек­станның заманауи кескіндемесінің алтын қорына кірген.Юрий Иванович Зо­рькин – айқын шығамашылық қолтаңбасы бар кес­кіндемеші, романтик әрі философ. Оның жұмыстарының көп­шілігі Өзбекстанға – оның қалалары мен қыстақтарының өміріне, қарапайым ең­бек­шілерге, халық өнерінің тарихына ар­нал­ған. Суретші өзбек жерін жаны сүй­гендіктен, оның жүрек қылын шертетін кар­­т­иналары ешкімді бейжай қалдыр­май­ды. Рузы Чарыұлы Чарыев – Өзбек КСР халық суретшісі, Өзбекстан Көркемсурет академиясының академигі, кескіндеме шебері, тамаша колорист. Же­ке көрмелері шет елдерде табыспен өт­кен санаулы кеңес суретшілерінің бі­рі.

Көрмеге Қазақстан суретшілерінің атынан шығатын суретшілер: Нұрмұ­хам­медов Нағымбек Жалаладдинұлы – Қазақ КСР халық суретшісі.
Н.Нұрмұхаммедов кескіндеменің түрлі жан­рына қалам тартты: тұрмыстық картиналары басым болғанымен, портреттері мен пейзаждары да, тарихи тақырыпқа салған суреттері де аз емес. Кәрібжанов Та­бонияз Кәрібжанұлы – КСРО СО мүшесі – көрмеге автордың ауыл ең­бек­керлеріне арналған «Жүзім жинау» ат­ты кенептік  жұмысы қойылған. Ақа­наев Аман­дос – ҚР еңбек сіңір­ген өнер қай­рат­кері, КСРО СО мүшесі. Адами кемел­ділік пен дәстүрлерге жүгіну өнер­де ғана емес, сана-сезімде де болуы ке­рек, бұл – А.Ақанаевтың шығар­ма­шы­лық ұста­ны­мы. Оның картиналарының әлемі – көш­пелі Азия мәдениетінің ау­қым­ды көркем шежіресі іспетті. Құл­сейі­то­ва Нұр­силә Мұқанқызы – КСРО СО мүшесі.

Көрмеде қырғыз мектебін таныстыра­тын суретшілер: Тюрин Виктор Степанович – Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Су­рет­ші шығармашылығының басты та­қы­ры­бы – колхозшылар мен шопандар өмі­рі. Оның кейіпкерлерінің өмірі соны­сы­мен Қырғызстан табиғатынан ажы­ра­ғысыз: тамаша тау пейзажының немесе аң­ғарлар мен алқаптар пейзажының ая­сын­да өтіп жатыр. Тюриннің озық жұ­мыс­тары – қырғыз мектебінің дамуына қо­сылған зор үлес.

«Түркі романтизмі» экспозициясының не­гізін құрайтын озық суретшілердің таң­балы туындылары социалистік реа­лизм­нің терең мәдени қабатын көрсете келе, шеберлердің, кей арада бір елдің ше­берлігі мен дара тұлғалылығын паш ете­ді.

Анжелика АҚЫЛБЕКОВА,
көрменің жетекшісі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір