ҚАРАЛЫ КҮН…
10.06.2016
1442
0

13392236_1177263549001944_1510185963101867951_oКөшпенді елдің бүгінгі ұрпағы біздер ата-баба әруағын ар­дақтап, телі мен тентекті тиятын сабыр үстемдігінің иесіміз. Өр­кениет деген қастерлі қатарға күні кешегі социализм жүйесі әдейі қоспай, кемсіткенінің кесірінен жапа шеккен қазақ – бүкіл адамзат дамуына Жеті Жарғысын қосқанын жалғанға жария қы­ла алмай, іштен тынғаны өз алдына бір қасірет еді. Қазақ қазақ бол­ғалы атаның сақалын сыйлап, ананың ақ сүтін құрметтеген жөн-жоралғыларға қайтадан үңіліп, ағайындық қарым-қа­тынастың ұлттық нышанын жаңаша түрленту міндеті тұрғанын бүгінгі қаралы күн нақ көз жеткізе түсті.

Дін мен ділдің қазағуар болмысына терең бойлаған, көшпенді жұрт­тың бейнесін шынайылықпен сомдаған «Абай жолы» бас­таған ұлттық жауһарларды теледидар мен радио арқылы жаппай оқытудың ұлттық күнін белгілеу шарт.

Біз қазақ болып оянып, қазақ болып тіршілік кешуіміз керек қой.

 

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ».

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір