«Менің ісім – өлеңді қорғау…»
08.02.2019
1108
0

…Әлеуметтік желілердің бірінен көзім шалып қалды: «Арман Қани, журналист» деп қана жазып қойып­ты. Айналайындар-ау, Ар­ман Қани – ең алдымен ақын. Өзі күйінішпен айтатындай әдеби ортаға кеш қосылып, кеш танылға­нынан басқа жазығы жоқ. Ал жаз­уы – көп жазарманнан көш ілгері еді. Бұның басты себебі – ақын жырларының «Компартия саяса­тына қарсылығы». Арлы ақын Ар­ман Қанидің өлеңіндегі өршіл­дік пен сыршылдықты дер шағында таныған қазақтың Жұмекені ақ батасын беріпті. Бұл жайлы ақын Ғалым Жайлыбай: «Қазақ поэзия­сының аса көрнекті өкілі, отан­шыл, азамат ақын Жұмекен Нә­жі­ме­­денов Арманның «құлын жыры­ның кекілін сипаған­нан» кейін ғана шығар­машылық бастауын құрсаулап тұрған көбе сөгіле бастаған еді. Сөйтіп, қыс­та­лаң кезеңде аға ақынның шарапа­тын көрген ол бодандықтағы елінің егемен болашағына деген ұста­ны­мынан таймай, Ертіс-Баянауыл өңірінде ұлттық мұрат-мүддені көз­дейтін қоғамдық-саяси істер­дегі белсенділігінен танбады», – деп жазды.
Жұмекен ақыннан оң баға алу – зор бағалану деп білемін. Қызыл импарияның қыспағында жазыл­ған жырлар жайлы Арман аға өзі: «Ол кезде цензура өте күшті болды. Ойды жеткізу үшін түрлі образдар­ды, бейнелеулерді қолданатын едік. Ол поэзияның көркемдік са­пасын арттыратын. Ал, қазіргі ашық саяси алаңда ой да ашық айтылады, өлең де ашық жазыла­ды», – дегені бар-тұғын. Жас буын­ға артқан өкпесі емес, айтқан назы деп ұқтым. Сонда да, аға буыннан «ашық-шашық» жырла­рымызға жабу болатын жылы пікір күтетініміз бар. Соны ойласам, Жұмекен Нәжіме­денов­тың бір ғана пікірі – қыспақтағы құлын-жырға болған екен құт ұлы…

Еламан ҚАБДІЛӘШІМ,
Павлодар облысы
Баянауыл ауданы


(Толық нұсқасын газеттің №5 (3639) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір