Қазақстанның PR-нарығына қандай мамандар қажет?
14.12.2018
2704
1

Қазақстандағы PR-нарығы әлемдік тенденцияларды жергілікті жағдайға бейімдеп, өзіндік ерек­ше­ліктерімен дамуда. Жаңа техноло­гиялар ком­муникация арналарын арттырып, ақпаратты беру түрлерін, жыл­дам­дығын өзгертті. PR, SMM, интер­нет-маркетингтің ықпалда­суы жаңа технологиялық мүмкін­дік­терге жол ашты. Digital класси­калық PR-ды ығыстырып, жаңа форматтар ұсынды. Тиімді комму­ни­кация бұрынғыдай тек БАҚ-қа пресс-релиз таратумен ғана шек­тел­мейді. Әлеуметтік медиа бұл әдіс­­тің формасын түбегейлі өзгерт­ті. Бейнеконтенттің рөлі өсті. Он­лайн-арналар арқылы аудитория­мен тікелей байланысып, сапалы әрі қолжетімді контент жасап, трафик жинау, әлеуметтік желінің алгоритміне сай жұмыс істеу оңай емес. Тиімді арнаны таңдау да кә­сібилікті талап етеді. Бір ақпарат­тың өзін әртүрлі ауди­торияға бейімдеп бере білу де өнер.

Медиакеңістіктегі осындай тренд­терге ілесіп, жаңа медиа арна­лармен жұмыс істеп, бәсекеге қабі­лет­ті болу PR-маманынан үнемі білімін жетіл­діріп отыруды талап етеді. Бүгінгі PR-маманы ақпаратты берудің жаңа құралдарын меңгеріп, жаңа бейне­форматтар, вайндар жасау, креативті ойлап, жарнамалық өнімді, қызметті креативті жеткізе білу, әлеуметтік желіде белсенділік таныту, мульти­медиалық өнімдер жасауда қабілетті болуы тиіс. Осын­дай қажеттіліктерді ескеріп, сту­денттерге PR-нарығындағы қазіргі трендтер туралы ақпарат беріп, жаңа технологияларды үйрету мақса­тында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Күзгі, Көктемгі, Жазғы PR мектептер ұйымдастырып келеді. Дәстүрлі V Халықаралық Күзгі РR мектебіне Ауғанстаннан «Aryana TV» теле­арна­сының жур­налисі Rasouli Homayoon мен «Dawar Travel Agency» директоры Dawar Mirwais ар­найы келіп, дәріс оқып, Ауғанстан­дағы медианың жай-күйі, теле­ви­зиялық иннова­ция­лық тех­нологиялар туралы ақпарат берді.
Қазақстанда ішкі коммуни­ка­ция бойынша мамандар аз. Ішкі PR-дың компанияны дамытудағы үлесі зор болғандықтан, бұл аса маңызды сала. Себебі, қызмет­кер­лердің кө­ңіл күйі, ынтасы, мотива­циясы тікелей өнім­ділікке әсер етеді. Қыз­меткерлер ком­панияның құнды­лығы мен стра­тегия­сын түсі­нуі тиіс. Қазақстандағы ішкі комму­никация саласының маманы Сәуле Мусина­ның шеберлік сабағы осы тақырып­қа арналды. Ішкі ақпарат жүйелері, қызметкерлердің сенімі, кері байла­ныстың болуы, ком­па­ния­дағы креа­тивті жобалар туралы мазмұнды ақ­параттар тыңдау­шы­лардың қызы­ғу­шы­лығын туғызды. Дәріс бары­сында сторителлинг фор­матының ішкі PR-дағы маңыз­ды­лығы нақты мысал­дар­мен көр­сетілді.
«Kaspi Bank» АҚ баспасөз хат­шы­сы Ербол Азанбек қазақ ауди­то­риясының қарқынды өсіп келе жат­қандығын, алдағы 4-5 жыл кө­ле­мінде қазақ тіліндегі PR-маман­дарына, маркетологтарға сұраныс өте жоғары болатындығын айта ке­ліп: «Қазақ­станда PR түсінігі дұ­рыс қалыптасып отырған жоқ. PR-ды түске бөлу де дұрыс емес», – деді. Қоғамда бір күндік, хайпқа құры­латын, PR-дың элементіне жат­пай­тын, кәсіби PR-мамандары жа­с­а­­маған нәр­се­лер­дің көптігі де тіл­ге тиек етілді. «Қа­­ра­­пайым адам­дарға өте қарапайым тіл­мен ақпарат бе­ріп, әр компания өз құн­дылы­ғын жеткізе білсе, ең жақсы PR – осы», – деп қо­рыт­ты дәрісін. Банк қыз­мет­керіне қар­жылық сауаттылық тура­лы ауди­тория тарапынан сауалдар көп қо­йылды. Нәтижесінде адам­дардың өз мүмкіндіктерін түсінбей несие ала­тындығы, банк өнімдерін түсінбей тұтынып, салда­рынан қар­жы­лық зиян шегетіндігі, қарапайым несие карта­сын дұрыс қолдана ал­май­тындығы туралы пайдалы ақпа­рат­тар берілді. Қазақ тіліндегі жар­на­малық техно­логиялардың да­мы­май отырғанды­ғы, әсіресе ай­мақ­тарда бұл мәселенің өте күр­делі екендігі, кәсібиліктің жетіс­пейтіндігі, жарна­малық тақы­рып­­та жазатын жур­налис­тердің тап­шы­лығы сияқты өзекті мәселелер қоз­ғалды.
Блогер, сайт редакторы Айжан Кульмуханбетова тыңдаушыларға SMM-нен арзан әрі қолайлы push-хабарламалар жасудың қыр-сырын үйретті. Push-хабарламалардың ар­тықшылығы көп. Ақпаратты та­ра­туға, танымал болуға, сайтқа тра­фик жи­науға таптырмайтын құ­рал. Жа­ңа­­лықты жедел жеткізу мақ­сатында қол­данылатын, сайты бар компа­ниялар үшін аса тиімді, журналистер үшін де оңай болып табылатын push-ты кез келген сайт редакторы өзі жасай алады, тиімді уақытта жіберу мүмкін­дігі мол әрі хабарлама таратқаннан кейін тиім­ділігін өлшеу де оңай. Сондай-ақ, 90 пайызға дейін адамдар ашып қарайтындығы дәлелденген. Блогер браузерлік push-тың техноло­гиясын Күзгі мектеп қатысушыларына нақты мысалдармен үйретті.
Қазақстандағы қазіргі PR-тренд­тер туралы Кселл АҚ PR-ма­ма­ны Салтанат Бердіқұлова бір­неше бейнероликтерді көрсете оты­рып, қызықты әңгімеледі. Ком­па­нияның коммуникациялық сая­са­тындағы PR-дың маңызы зор. Нарықта та­бысты болғысы келген компания ең алдымен әлеуметтік желіде беделге ие болғысы келеді. Маманның әлеу­меттік желідегі жа­уап­кершілік тура­лы пікірі көңілге қонымды. Расында, дұрыс қолдана білмесе, әлеуметтік желінің зияны да бар, аңдамай айтылған сөз табыс әкелмек түгіл, абыройды айрандай төгуі мүмкін. Шеберлік сабағы барысында тың­даушылар Вig data құралдары, Чат-бот бағдарла­мала­ры, 360 фото­суреттер мен бейне­ролик­тер, жур­на­листерге виртуал­ды шындық шлемдері арқылы ақпарат беру мүмкіндіктері туралы қызықты мәліметтер алды.
Блогер, SMM маманы Жалғас Ертай қазіргі әлеуметтік желілерді салыстыра сипаттап, 2018 жылғы әлеуметтік желінің трендтеріне тоқталды. Блогердің айтуынша, әлеуметтік желідегі конкурстар мен тестер трендке ие. Көп аудитория жинап алуға ыңғайлы құралды қол­дана білу керек. Мәселен, теңгенің тарихына байланысты, қазақи мульт­­фильмдер, кейіпкерлер ту­ралы тестер жасап, адамдардың кө­ңілін көтере отырып, білім беру­ге, ақпарат беруге болады. Бейне­кеонтенттің көбеюі де осы жылдың басты тренді. Алайда қазақстандық аудиторияға ұсынатын сапалы өнім жоқтың қа­сы. Бейнеарна ашып, сапалы бейне­роликтер жасау дәл қазір сұранысқа ие болары анық. Фейсбуктегі live транляциялар да қазіргі трендті құрайды. Нақты мақ­сат қойып, ті­келей эфирге шы­ғып, ақпарат­тан­дыру тиімді құрал. Алайда көп сайт­тар оны пайдалана бермейді. Бло­гердің: «Әлеуметтік желіні тек ақпарат тарату үшін емес, аудито­рияның сауатын, сапасын, сыни ойлау қабілетін арттыру үшін де қолдану қажет» – деген пікірін тың­даушылар қуана қуаттады.
Шеберлік сағаты барысында тыңдаушылар ақпаратты сүзгіден өткізіп қолдану, бейнероликті салу­дың әдіс-тәсілдері, субтитр мен мә­тіннің рөлі, әлеуметтік желінің алгоритмдерін түсініп, соған сәйкес жұмыс істеу жолдарын үйренді.
Әл-Фараби телерадиокешенінің директоры Дәурен Мұхамеджанов телерадиокешеннің қалыптасуы туралы айта келіп, қазақ теле­визия­сындағы М.Барманқұловтың отан­дық тележурналистика саласының негізін қалаушы тұлғалардың бірі екендігін баса айтты.
Ақын, сазгер, ұстаз Бекжан Әшір­­баев Қазақстандағы журна­листік білім берудің бүгіні мен ертеңіне тоқталып, осы саладағы қордаланған мәселелердің тиегін ағытты. Университет қабырға­сын­дағы алған білімнің құнды­лығын жеткізді.
Расында білім беру бағдарла­ма­ларын қазіргі заманға сай жетіл­ді­ріп, теория мен практиканың тара­зы басын тең ұстауға тырысқан жо­ғары оқу орындары жұмыс беру­шілермен тығыз байланыс орнатып, түлек­тердің жұмыспен толықтай қамты­луына баса көңіл бөледі. Болашақта халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті PR-маманы бо­лып қалып­тасуы үшін практик-мамандардың шеберлік сабақтары керек-ақ. Осы мақсатта маңызы зор PR-мектептер жалғасын таба бермек.

Назгүл Шыңғысова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі,
филология ғылымдарының докторы, профессор

ПІКІРЛЕР1
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір