Өркениеттер қайшылығындағы адам мәселесі

0
18 қаралды

«Өркениеттер қайшылығындағы адам мәселесі» тақырыбын қарастырудан бұрын «адам мен өркениет» мәселесін анықтап алу қажет. Адамды түсіну мен түсіндіру тәсілі әрбір өркениеттің ең негізгі бөлігі әрі доктринасы болып табылады. Бұл тақырыптың өзектілігі сондай, ол өркениеттер мен мәдениеттердің арасындағы айырмашылықтың негізі мен деңгейін анықтайды. Мәселе мынада: адам дегеніміз кім? Оның әлем түзілісіндегі орны қай жерде? Ол өзіне нендей сұрақтар береді және адам мен әлемнің өткені мен болашағы қандай? Ол әртүрлі өркениеттер мен мәдениеттер тұрғысынан бұл сауалдарға түрлі жауап алады.

Әрбір өркениет, ең алдымен, «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап табуға тырысады. Осылайша, Грекиядағы мифтік дәуірдің адамы өркениеттің бастапқы философиялық идеялары­ның адамына (Сократ, Платон мен Аристотель айтқан адам) және орта ғасырлардан кейінгі еуропалық ағартушылық дәуірдің адамына ұқсайды. Мифологиялық дәуір адамы жеңіліске ұшырап, көптеген құдайлар құрсауында қалса, философиялық дәуір адамы осы бір гегемониядан құтылып шығып, философия арқылы айналасындағы әлем мен оның ережелерін ұғады. Бірақ та теология, әсіресе, христиандық теология адамды «құл» және «құл бейнесінде» қарастырады.
Енді, міне, жаңа әлемде (модернизм мен постмодернизм дәуірінде) батыстық философия мен квазифилософия мәтінінен туындаған басым әлем көзқарастарында адам өз тағдырын, жер мен табиғи ортаны басқаратын автономды тұлға ретінде анықталады. Бұл анықтама Батыстан шыққанымен, өркениеттер мен мәдениеттердің басқа да салаларына тараған. Дегенмен, адам өмірінің осы кезеңінде және мәдениет пен өркениеттің өзге де салаларында қазіргі адамның адамгершілік көзқарасына толығымен қарама-қайшы келетін адамның және оның маңызды мәселелерінің әртүрлі түсініктері бар.
Бұл қысқа баяндамада адам мен өркениеттің дихотомдық тұжырым­дамасын адам мен қоғамның «бақыты» және «құтқарылуы» туралы көзқарастардың ортақ әрі негізгі қарым-қатынастары адамдардың бақытты болуына жағдай жасау бағытында атап көрсетуге әрекет жасалды.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.