Ағайын Алакөлге жол тартты

0
56 қаралды

Елбасы айтқан Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 58-қадамында ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДА­МЫТУ ЖӨНІНДЕ БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОР қалыптастыру үшін стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту жайында сөз болған.

Жуырда Шығыс Қазақстан Об­лысында Алакөлге саяхатқа шыққан туристер үшін қоғамдық теміржол бағыттары жұмыс істей бас­тады. Жол – көлік инф­ра­құ­ры­лымын қа­лып­тастыру тап­сыр­­масына сәйкес ха­лықтың де­малыс аймағына үздік­сіз қаты­науына мүмкіндік беретін бұл бастама тұрғындарды қуантты.
Шығыс Қазақстан мен Алма­ты облыстарының шекарасында орна­ласқан Алакөл жағажайы үлкен сұра­нысқа ие. Денсаулық туризмі бойынша оған тек еліміз­дің ғана емес шетелдік тұрғындар да көп келеді. Соңғы екі жылда Шығыс Қа­­зақстан жағалауының инф­рақұрылымына жүздеген мил­л­ион теңге инвестицияланып, қолайлы жағдайлар жасалды. Дегенмен, туристер ағымын жол қиындығы біршама шектейтін. Өскемен мен Семейден көлге дейінгі жер 500 шаршы шақырым­ды алып жатыр. Демалушылар мен туристер авто­бусқа отырып, жолға көп уақыт жұмсағысы кел­мейді. Станциядан ешқандай жол болмағандықтан, пойызбен де жету мүмкін емес еді.
2017 жылы облыс басшылы­ғы­ның бастамасымен Жалаңаш­көл те­мір­жол станциясын жағалау аймағының орталығы Қабанбай ауылымен байланыстыратын жол жобасы әзірленді. Биылғы жылы жол іске қосылды. Келесі қадам – об­лыстың негізгі қалаларынан Жа­лаңашкөлге теміржол кесте­сіне екі жаңа жолаушылар­дың ен­гізілуі болып отыр. 21-маусымда «Өске­мен-1» станциясынан туристермен алғашқы пойыз шығып кетті.
Көлік және автомобиль жол­дары басқармасының бастығы­ның міндетін атқарушы Әсет Сұлтанов­тың айтуы бойынша: пойызда 5 вагон және 260 орын бар. Құрам, Өскемен-1 – Жа­ла­ңаш­көл-Достық, Семей-Жалаң­аш­көл-Достық бағыт­тарында төрт күнде бір рет жүреді. Сағат 16:30 да жолға шықса, келесі күні таңғы сағат 8.30 өзенге де жете­сіз. Өте ыңғайлы. Тұрақты байланыс үшін облыстық бюджеттен 140 млн. Теңге бөлінген. Ал билет бағасы – 2 800 теңге.
«Қала маңындағы көлік» АҚ өкілі Серік Донбаевтың айтуынша, маршрут демалу­шы­ларға көмектесу үшін даярланған және таза әлеу­мет­тік рөл атқа­рады. Өскеменде бірінші рейсте пойыздың жартысынан көп орны алынса, Семейде 80%-ға жуық орын алынды. Сарапшылар бұл шара­ның арқасында бұған дейін Бұқтырма су қоймасында дема­лып жүр­ген Өскемен, Риддер жә­не Зерен­ді тұрғындары енді Алакөлді таң­дайтынына күмән келтірмейді. Тек өткен жылы көл­ге 400 мыңға жуық турист барған.
Жаңа пойыздың алғашқы жолау­шылары негізінен кішкен­тай ба­лалары бар отбасылар. Бұл бастама тек көлік қатынастын дамытып қана қоймай, болашақта Алакөлдегі отба­сылық денсаулық туризм кластерінің дамуына септігін тигізеді.

Ж.АДЫРБАЙ,
ХАТУ-дың 1 курс студенті.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.