Ұлт Жоспары – ел келешегінің кепілі

0
30 қаралды

«100 нақты қадам» – бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік және ішкі қатерлерге жауап, қазіргі тарихи жағдайларда ұлттың дамыған отыз еліне кіруі жө­ніндегі жоспары. Бұның қатарында «ҚР Мемлекеттік қыз­мет және Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің рөлін арттыру», «Еңбекақыны нәтиже бойынша тө­леуге көшу», «Мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін кон­курстық негізге көшу», «Жаңа этикалық ережелерді енгізу», «Су­дьялардың есеп беру тәртібін күшейту», т.б. бағыттар бар.

Бұл Жоспарда мемлекет жә­не қоғам ал­дында орындалуы аса маңызды боп са­налатын бес инс­титуционалдық реформаны жү­­зеге асыру жолдары көрсе­тіл­ген. Бiрiншi инс­титуционалдық ре­форманы жүзуге асыру үшін 15 нақты қадам айқындалған. Екiн­­шi институционалдық ре­фо­рманы, яғ­ни «Заңның үстем­дiгiн қамтамасыз ету» үде­рiсiнде нақты 19 қадам көрсетілген. Бұл бө­­лiмде Заңның үстемдiгiн қам­тамасыз ету ба­рысында Сот тө­релiгiне аса мән берiлген. Әсi­­ресе, қазiргi iс жүргiзудегi 5 сатылы Сот жүйе­сiнен 3 сатылы Сот төрелiгi жүйесiне өту де ұсы­нылған. Мұрат – Сот төре­лiгiн жеңiл­дету және уақытын қысқарту. Инсти­туционалдық реформаның үшiншi бағыты – «Индустрияландыру және эко­номикалық өсiм» деп аталады. Атал­мыш «Нақты қадам» ең үл­кен жүйеге айналып, қоғам­ның негiзi ті­регі – экономикаға және оның даму бағ­дарын бел­гiлейтiн индустрияландыруға ба­­ғытталған. Төртiншi институ­цио­налдық ре­форманы қоғамда қолданудағы ерекшелiк – «Нұр­лы болашақ» жобасын әзiрлеу әрі жү­зеге асыру. Мектептің оқу бағдарламасына «Мәңгiлiк ел» құндылықтарын енгiзу. Бұл нақ­ты қадам арқылы Қазақстан жастарын «Мәң­гiлiк ел», «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Ме­нiң елiм», «Нұрлы жол», «Жалпыға ор­тақ еңбек қоғамы», «Нұрлы бо­лашақ» идея­ла­рын өз бойына сiңiрiп, қоғамның белсендi деген азаматтарын жетiлдiруге тiкелей кө­мектесу. Инс­титу­цио­налдық реформаның бе­сiншiсі «Есеп беретiн мемлекеттiлiктi қа­­лып­тастыру» үшiн «Он нақ­ты» қадам ұсы­нылған. Осы қа­дам­дарды жүзеге асыру үшiн түр­лі iс-шараларды әзірлеп шы­­ғуға тура ке­ледi.
«100 нақты қадам» Қазақ елін­де «2050 – Стратегиясын» жү­зеге асыру, мем­ле­кет­ті­лі­гі­мізді нығайту, әр кезеңнен өту үшін үл­кен қор жасап беретін бо­лады. Аталмыш құ­жат­тың бас­ты мақсаты – озық елдердің қа­­тарынан табылу. Мысалы, Ұлт Жоспа­ры­ның 4, 5, 6 және 7 қадамдарында мем­ле­кет­тік қыз­метке алғаш рет қабыл­дану­шылар үшін сынақ мерзімін ен­діру. Қызмет­кер­лер­дің жала­қы­сын олардың нәтижесіне бай­­ла­нысты өсіру, мемлекеттік қыз­меткерлердің лауа­зымдық ең­бекақыларына өңірлік үй­лес­­тіру коэффиценттерін қосу мін­деттері бойын­ша нақты тап­сырмалар жазылған. Жем­қор­­лыққа қарсы күрес – Мемлекет бас­­шы­сы Н.Ә.Назарбаевтың бас­ты бағыттары­ның бірі. Бұл жос­пардың 13-қадамында кө­рініс тапқан. Сонымен қатар, Ұлт Жос­па­рында азаматтардың Сот төрелігіне қол­же­тімділігін жеңіл­дету үшін Сот жүйесі инс­танцияларын оңтайландыру, су­дья лауа­зымына кандидат­тарды іріктеу тетіктерін кө­бейту, біліктілік талаптарын қатайту, «Оқу­ды және сот тәжірибесі ара­сындағы өза­ра байланысты кү­шейту үшін Сот төрелігі инс­титуты мемлекеттік басқару ака­демия­сы­ның құрылымынан бө­лінуі керек» деген мін­деттер бар. Аталмыш Жоспарда бел­гі­лен­ген тапсырмаларда еліміздің әлеу­меттік-эко­номикалық тұр­ғыдан дамуын одан сайын кү­шейту мәселелері қамтылған. Ай­­талық, мемлекеттік мо­но­по­лия­дан біртіндеп бас тарту, құры­лыстың сметалық құнын анық­таудың ресурстық әдісін енгізу, кеңес­тік кезеңнен бері қолданылып келген құ­ры­лыс­тың ескірген нормалары мен ере­желері ор­нына еурокодтар жүйесін енгізу, т.б. Қо­рыта келе ай­тарым, «100 нақты қадам» ат­ты жос­пар елімізді тағы бір бе­леске көтеруге қыз­­мет етпек. Себебі, мемлекет бәсекеге қа­бі­летті озық елдердің қатарына қосылу мін­­детін алға қойған. Ол мақсатқа жету үшін бә­ріміз бір атаның баласындай жұдырықша жұ­мылып қызмет етуіміз қажет. Аталған мін­деттерді жүзеге асыру – ел болашағының жар­қын болуының негізі. Эконо­ми­калық да­мумен қоса, Қазақ елін­дегі татулық та­мырын те­рең­­дету – Мемлекет басшы­сы­ның басты ұстанымдарының бірі. «100 нақты қа­дам» – Қазақ­станның бәсекеге қабі­лет­ті­лі­гін арттыруға, елді оза шап­тыруға, дана ха­лықтан құра­латын дара мемлекеттің ір­­ге­тасын одан әрі бекемдей түсуге бағыт­талған-ды. Бұл жоспар – осындай маңыз­­ды­лы­ғы­мен, өзіндік құн­дылығымен ерек­ше. Бұл – ха­лық пен би­ліктің психологиясын өз­­гер­туге ба­ғытталған жұмыс.

Гүлназ КЕНЖЕБЕКОВА, «Тұран» университетінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.