Мір Шайыр сыйлары
16.03.2018
1559
0

Мір Шайыр әдеби атымен мәшһүр ақын, жазушы Мырзағали Іңірбаевтың «Атамұра» корпорациясының «Полиграфкомбинат» серіктестігінен үш бірдей кітабы жарық көрді. Біріншісі – «О, Данышпан Дүние!..» роман-трилогиясы. Екіншісі – ақынның «Поэзия» жыр жинағы. Ал үшіншісі – «Зия» қостомдығы. Оған көркем және ғылыми публицистикалық шығармалары берілген.

Бұл кітаптар 65 жас белесіне кө­терілген шағымдағы оқырманға сыйым, – дейді автор. Кітаптардың ба­­­­­сым бөлігі облыс пен республика кі­­­­тапханаларына таратылады.
Автор қазір «Ман Ата. Первочело­век Ман» кі­та­бының толықтырыл­ған, бірнеше тіл­дегі екінші басылымын шығаруды ойға алған. Осыған орай «Адамзаттың же­беушісі», «Покровитель человечест­ва» монографияларын жазуды бастаған. «Еуразия аумағында ұлы іс­терді жүзеге асыр­ған атам­заманғы ғұ­лама, түркі-үнді-арий текті Ман заманын, оның сонау Үндістан­да­ғы, Ұлы Дала аумағын, Кіші Азияны қам­тыған ерен қызметін Зара­тустраның «Авес­­та» кітап­тарымен, халық пен жер жа­дындағы мәліметтер­мен са­бақтас­тыра өру оңай емес, әрине. Күл­лі адамзат тарихын бүгінгі һәм ежел­гі Қазақ­стан, Маңғыстау өмі­рімен жүйелеп шы­ғаруға ұмтылған мұндай істің мән-жайын түсіне­тін­дер түсініп, қадір­лей­тіндер қадір­лей­ді. Жоспарым көп салалы, көп жыл­дық, күрделі. Соның бәрі Ұлы елі­мізді әлемге паш ете беруге, Ел­­ба­сымыз мұрат еткендей, халқы­мыз­­ды рухани жаңғырту идеяларына қал­тқысыз қызмет етпек», – деді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір