Қазақша сөйлеген Филатов

0
73 қаралды

ҚР Ұлттық кітапханасында Ресейдің халық әртісі, Ресей мемлекеттік сыйлығының, «Триумф» және «ТЭФИ» сыйлығының лауреаты ақын Леонид Филатовтың «Про Федота-стрельца, удалого молодца» шығармасының қазақ тіліндегі аудармасы – «Федот сарбаз жайлы хикая» кітабының таныстырылымы өтті. Аудармашы – филология ғылымдарының кандидаты Ләйла Асқар.

Тұсаукесер барысында бү­гін­­гі таңдағы аударма ісінің жай-күйі, аударма саласындағы ерек­шеліктер мен жаңашыл­дық мәселелері де талқыға са­лынды.
Актер, профессор, ҚР Ки­но қайраткері, ҚР кине­ма­тог­рафиясының үздігі, Шаяхмет Иманұлы ВГИК-те Борис Ба­боч­киннің шеберханасынан тә­лім алып жүрген сәтінде Лео­­­нид Филатовпен кездескен сәттерін әңгімелеп берді. Со­ны­­­мен қатар, Ләйла Асқардың ау­дармасы жайлы кеңінен тол­ғады: «Аударманы сахнада ой­­наған кездерім болды. Шекс­­­пирден «Ричард ІІІ» ой­надым, «Отеллосында» Кас­сио­ны ой­на­дым. Сонда «ой­пыр­май, Шек­спирдің тілін қан­­дай жатық аударған» деп тәнті болатынбыз. Филатовтың тілі аударуға қиын деп ойлаушы едім. Менің көңі­лімнен шық­ты, кітапты сүйсі­ніп, қызыға оқып шықтым», – деп түйінде­ді ол өз сөзін.
Ақын, аудармашы, «Прос­тор» журналының бас редак­торы, «Тәржіман» әдеби аудар­ма­шылар одағы қоғамдық ұйы­мының төрағасы Қайрат Бақ­бергенов: «Поэтикалық ау­дарма аударманың күрделі түрі. Онда аудармашыдан түп­нұс­қаның табиғатын түсінуден бас­қа, сол тілдің мәдениетін де же­тік білуің керек. Бұл ау­дарма тура­лы Аслан Жақсы­лықов пен Ұлықбек Ес­дәулетов­тар­дың жақсы пікір айтқаны есім­де. Аудармада Ләйла түпнұсқадағы юморды нәзіктікпен жеткізе алған», – деді. Тұсаукесерде сөз алған прозашы, аударма­шы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Букер әдеби сыйлы­ғы­ның лау­реаты Аслан Жақ­сылықов: «Ләйла Асқар аудар­ма­сының тілі сондай әдемі, орыс тілінде оны «изысканный язык» деп атайды. Оған қосым­ша өзінің бір алғыр сезімімен бәрін терең түсініп аударып шыққан. Кейбір аударма­шылар түп­нұсқаға байланып қалады да, қанатын жаза алмайды. Сәт­ті аударма болу үшін белгілі дә­режеде еркіндік керек, ер­кін­дік үшін рух, тү­сі­нік пен бі­лім, шеберлік қажет. Ләй­ла­ның аудар­ма­сында осының бә­рі бар», – екенін айтты.
Жиын соңында «МИР» бас­пасының директоры Әлі­шер Халилов және аудармашы Оразақын Асқар сөз сөйлеп, жиынға қатысушыларға және аудармашыға алғыстарын біл­дірді.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.