ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ТҰРҒЫСЫНАН ӨЗЕКТІ
01.09.2017
1947
1

Абай дүниетанымы турасында ұдайы сөз қозғап отыру ниетінде «Абайтану» айдарын ашып отырмыз. Жобаны «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті орындағанын оқырманның қаперіне саламыз. Осы жоба аясында газетіміздің өткен сандарында «Абай және біз» деген атпен қос бірдей «Дөңгелек үстелдің» де ұйымдастырылғанын да айта кеткен жөн.


Абай мұрасын игерудің игі­лік­ті, қайырлы арналары бар. Абай­танудың іргелі мәселелері ұдайы күн тәртібінде. Осы ба­ғыт­­та қамданып, тұтас қамтып жұ­мыс істеуге ынталы болып отыр­ған Орталықтар, зерттеу инс­титуттары құрылған. Соңғы 30 жыл ауқымында да атқа­рыл­ған шаруа, айқындала түсіп отыр­ған мәселе де аз емес.
Ұлттық мүдде тұрғысынан Абай әрдайым өзекті. Абайдың ис­ламдық құнардан бой кө­тер­ген кісілік ілімі қай кезеңдегіден де қазір қажет болып отырғанын сезіне түстік. Өтірік, өсек, мақ­тан­шақ, еріншек бекер мал шаш­пақтың көкесін енді көріп отыр­ған сияқтымыз. Әлем ха­лық­тарының ешқайсысында да дәл қазақтың қуыс кеуде даңға­за­лығындай астамшылық жоқ кө­рінді. Кейбір жұрттың кеуде­сін шалқақ ұстауының лайықты жөні – бөлек әңгіме. Астамшы­лықты Алланың қаламайтынын ұмытқан қазақ қаптап кетті. Қа­зіргі рухани жадау күйімізге мың сан мысал келтіріп отыруды қажет көрмеймін. Есік ал­дын­да бетпе-бет келіп қалға­нын­да бейтаныс жас адам ығы­­сып жол берсе – шүкір дей­сің. Қағып-соғып өте шықса – не айтасың? Ұлтының ұяты­на күйген Абайдың қауіп еткен, қам жасаған дүниесі өзектілігін жойды ма? Абай дегенде қазақ­қа қатысты қаптаған мәселе қоз­дайды. Арғы-бергіде адам ба­ласының Алладан бұйы­рыл­ған парыз, игілігін, ата-ба­ба­ның, келер тұқымның көкей­кес­тісін тастүйін, табандап тү­ген­деп кеткен тұлға. Қазіргі қо­ғам, рухани түлеу мәселелері Абай ұстанымдарын айналып өте алмайды. Иманды ұрпақ өсірудің ғасырлық міндеті көл­де­нең тұрған өтпелі дәуірде ұл­ты­мыздың бай әдеби мұрасы һәм Абай – өзекті. Мызғымас рухани құнар тұнған Абайдың ой­шылдық әлемі ендігі ұрпақ­тың таным кеңістігін дұрыс түзудегі бұлжымас бағдарлар­дың бірі. Ендігі ұрпақ Абайды ең алдымен аса ірі мұсылмандық ағартушы тұлға тұғырында танып өссе керек.
Абай мұрасын игеруде жо­ға­ры, орта мектеп оқулықтары­ның мазмұны абайтану ғылы­мы­ның негізгі нәтижелерін қам­туы керек. Осы мәселеде ат­қарылар шаруаның бірі – арнайы ғылыми зерттеу, білім беру Орталығының құрылуы. Же­текші мамандардың әлеуетін пай­даланып, тұтас тартып, абай­­тану проблемаларын түген­деп кешенді жұмыс істейтін ірі мекеме болуы керек. «Абай­тану» курсын орта мектепте оқы­­ту­дың түбегейлі ғылыми консепциясы жасалған жоқ. Абай тағылымын ендігі ұрпақ саяси қыспақтан арылған, таза, рухани ғылыми мәнде барша көр­кем­дік негізі мен игеріп, сіңіріп, танып өсуі тиіс. Абай­дың өмір­баяны; Абай­дың ақын­­дық айналасы; Абай­дағы дін-дү­ние­та­ным жайы; Абай өлеңінің өрнек өл­шемі; Абай­дың тіл кестесі; Абай­дың ұлт тәуелсіздігі жо­лын­дағы тарихи еңбегі толық оқы­тылуы керек. Абайтануда ен­дігі ұрпақ ұдайы қарайлап оты­ратын, айналып өтіп кете ал­майтын іргелі ұста­нымдар ру­хани айналымда болуы керек.

Қанипаш МӘДІБАЕВА, филология ғылымының докторы.

ПІКІРЛЕР1
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір