ШЫМКЕНТТЕ «EDTECH FEST –2026» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Шымкент қаласының білім басқармасының қолдауымен «Қызғалдақ» сарайында жоғары сынып оқушыларына арналған «EDTECH FEST –2026» білім беру фестивалі өтті.

Іс-шарада Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтың директоры Ә.Әдеев сөз сөйлеп, мамандық таңдаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ оқушыларға сәттілік тілеп, болашаққа сеніммен қадам басудың үлкен мәнге ие екенін атап өтті.
Фестивальдің басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге жоғары білім алу мүмкіндіктерін таныстыру, ҰБТ – 2027 талаптары туралы ақпарат беру және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар көрсету.
Фестиваль аясында қатысушыларға жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары, гранттар саны мен оларды тағайындау талаптары туралы түсіндірілді. Оқушылардың ҰБТ-ға дайындық деңгейін пысықтауға арналған сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар табысталды.
Кәсіби бағдар беру – жас ұрпақтың болашағын айқындаудағы маңызды қадам. Осындай іс-шаралар оқушылардың мамандықтар туралы түсінігін кеңейтіп, қабілеті мен қызығушылығына сай таңдау жасауына және жоғары білімге бастар жолды дұрыс бағдарлауына мүмкіндік береді.