«Кельндегі көкжал» киноға айналады
13.04.2026
64
0

Осыдан тура бір жыл бұрын ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимовтың демеушілігімен қазақ тілінде жазылатын романдарға байқау жарияланған болатын. Байқаудың жуырда қорытындысы шығарылды. Жүлдегерлер қатарында Думан Рамазан («Сынақ»), Қуаныш Жиенбай («Аралқұмдағы ақырғы аялдама»), Нұржан Қуантайұлы («Опасыз ойын»), Асқар Алтай («Каскад»), Мұрат Алмасбек («Екі жағалау»), Қуат Бораш («Тәубе»), Айым Ақылтай («Қарыз») сынды есімі елге белгілі қаламгерлер, жас жазушылар бар. Олар 3 000 000 теңге көлемінде қаламақы алды.
Ал байқаудың бас жүлдесін– (15 000 000 теңге) «Кельндегі көкжал» романы үшін қазақтың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Қорғасбек иеленді.Бас жүлдені ҚР Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов табыстады. Сонымен қатар бұл шығарма желісімен көркем фильм түсіріліп, үлкен экранға шығуы жоспарланып отыр. Бұл – әдеби туындының жаңа деңгейге көтеріліп, кең аудиторияға жетуіне мүмкіндік береді.


Салтанатты шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеұлы, сондай-ақ шараға, Халықаралық Түрксой ұйымының Бас хатшысының кеңесшісі Қанат Саматұлы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенова, жобаны жүзеге асыруға белгілі журналистер Қайнар Олжай, Арман Сқабылұлы, сонымен қатар бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір