Отбасы омбудсмені құрылады
13.03.2026
67
0

«Отан отбасынан басталады» деп қазақ бекер айтпаған. Әр адам баласының қоғам дамуына кірпіш болып қаланар негізі отбасынан басталады. Отбасындағы тәрбиенің, ата-ананың, отбасындағы әр жанның баланың саналы азамат болып қалыптасуына қосар үлесі орасан.

Заманның сұранысына қарай, ана мен бала құқықтарының қорғалуы да айрықша маңызға ие болып отыр. Осыған орай
Қазақстанда Отбасы мәселелері жөніндегі омбудсмен институты енгізілетіні қоғам үшін де мәні зор бастама болмақ. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиында жариялады.
«Неке – ер мен әйелдің мемлекеттік заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деген норма алғаш рет бекітіліп отыр. Мұндай заң ережесі балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ әйелдер мен аналардың отбасындағы рөлін нығайтуға мүмкіндік береді. «Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады» деген норма заманға сай жаңа мазмұнмен толықты. Құқықтық тұрғыдан анағұрлым дәл тіркестер арқылы қыздарды тұрмыс құруға мәжбүрлеу секілді ұят құбылыстарға Конституцияда тосқауыл қойылады.
Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл қоғамдық лауазымын енгізу адам құқықтарының қорғалуы мен отбасы институтын күшейтетініне сенімдімін.
Отбасы омбудсмені Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары ретінде қызмет етіп, атқарылған істер туралы Мемлекет басшысына есеп беріп отырады.
Мұндай жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде жолға қоюмен қатар, отбасы саясатындағы басқа маңызды түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді», – деген Мемлекет басшысының сөзіне зер салып, Отбасы омбудсменінің демографиялық саясатта, отбасылық берекені сақтауда бекем күш болатынын көреміз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір