Мұстафа Шоқай мұраларын зерттеуге арналды
02.12.2025
38
0

Қызылорда облысы әкімдігі және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен Студенттер сарайында «Мұстафа Шоқай мұраларын зерттеудің өзекті мәселелері: тарих, таным және тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференцияның жалпы мәжілі­сінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек кіріспе сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жалпы мәжілісте Түркия мем­ле­кеті Мимар Синан көркемөнер уни­вер­ситетінің профессоры, тарих ғылым­дарының докторы Әбдіуақап Қара, Түркістан халықтары ұлт-азат­тық қозғалысының қайраткері, Мұстафа Шоқайдың үзеңгілес серігі болған Усман Қожаның немересі, Мичиган уни­верситетінің құрметті профессоры, филология ғылымдарының докторы Тимур Қожаұлы, Өзбекстан Халық­аралық ислам академиясының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Саидакбар Агзамходжаев, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Раджабов Қаһромон, Әзербайжан ҰҒА тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Гюллю Йологлу, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Төрәлі Қыдыр, PhD, Қазақстан Жазушылар одағы Балалар мен жасөспірімдер әдеби жанрлық кеңесінің төрағасы Елдос Тоқтарбай, «Шоқайтану» ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір баяндама жасады.
Конференцияда Қазақстан Жазу­шы­лар одағы Басқарма төрағасының орын­басары Қасымхан Бегманов «Мұстафа Шоқайдың асыл рухы – ұлттың ар-намысы» тақырыбында баяндама жасап, өз ұсыныстарын айтты.

Арнұр ТОЛЫБАЙ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір