Жастар арасындағы тәуелділікті ерте анықтау: ұлттық жобаның цифрлық сервистері мен тиімділігі
24.11.2025
75
0

Қазақстанда жастар арасындағы лудоманияның алдын алуға бағытталған ауқымды әлеуметтік жоба табысты жүзеге асырылуда. Бастама аясында еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласы қамтылып, кең ауқымды әріптестік желісі қалыптастырылды, білім беру және ақпараттық материалдар әзірленді, оқыту іс-шаралары жүргізілді, сондай-ақ тәуелділікті ерте анықтауға мүмкіндік беретін цифрлық сервистер іске қосылды. Әріптестік байланыстан цифрлық шешімдерге дейінгі алдын алу шараларының толық циклі. Жоба басталған уақытта 2025 жылға арналған іс-шаралар толық бекітіліп, 2026–2027 жылдарға арналған жоспарлар әзірленді.

Маңызды жетістіктердің бірі — мемлекеттік құрылымдарды, үкіметтік емес ұйымдарды, волонтерлік қозғалыстарды және кәсіби психологтар қауымдастықтарын біріктірген 28 серіктес ұйымнан тұратын пулдың құрылуы. Бұл межведомстволық өзара іс-қимылды кеңейтуге және жобаның әлеуметтік тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. 2025 жылдың сәуір айынан бастап жобаның ресми сайты ludomania.kz жұмыс істейді. Онда тәуелділіктің алдын алу бойынша ақпарат, 17 облыс пен 3 қаладағы көмек көрсету орталықтарының байланыс деректері орналастырылған. Сайт жобаның ашықтығын қамтамасыз ететін негізгі ақпараттық алаңға айналды. Маусым айында жоба ресми түрде іске қосылуына арналған онлайн-пресс-конференция өткізілді. Шараға серіктес мекемелер мен сарапшылар қатысты. Охват — 21 қатысушы, онлайн-БАҚ-та 2 мақала жарияланды. 2025 жылдың қазан айында жобаның аралық нәтижелеріне арналған екінші пресс-конференция өтеді. Пресс-релиз жобаның ресми сайтында және Instagram парақшасында жарияланады. Ақпараттық материалдар әзірлеу және өңірлерге тарату. Жоба аясында қазақ және орыс тілдерінде келесі ақпараттық материалдар дайындалды: брошюралар, лифлеттер,баннерлер, қысқаша оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулық, жастарға арналған ақпараттық бұрыштардың толымдары. Материалдар Қарағанды облысы, Жаңаөзен қаласы, Шардара ауданы, ШҚО, Жетісу облысы, Астана қаласына таратылды. Астанада тәуекел тобындағы жасөспірімдер және жастармен жұмыс істейтін мамандарға арнап ғылыми негізделген әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Құжат сараптамалық рецензиядан өтіп, қолдануға ұсынылды. Кеңес беру желісі және «жедел желі» жұмысы. Жетісу университетінің базасында тұрғындарға және жастарға тұрақты қолдау көрсететін консультанттар желісі құрылды.

Жобаның жедел желісі: +7 771 072 47 90

Қоңыраулар саны — 50-ден астам,

Кеңес беру саны — 1000-нан астам.

Мобильді қосымша және онлайн-платформаның іске қосылды. Лудомания қаупін анықтауға арналған мобильді қосымша әзірленіп, іске қосылды. Қосымшада ақпараттық материалдар мен көмек көрсету орталықтарының байланыс деректері бар, ол тәуелділік белгілері байқалған жағдайда дер кезінде жүгінуге мүмкіндік береді. 

Оқыту іс-шаралары: мыңдаған жас қамтылды

4 күндік көшпелі тренингтер мен дәрістер:

Жетісу облысы: жоспар — 4000, факт — 5813 адам (+45,3%)

Астана қаласы: жоспар — 5000, факт — 5620 адам (+12,4%)

Барлық іс-шаралар фото, видео материалдармен, қатысушылар тізімдерімен және әлеуметтік желілердегі жарияланымдармен расталған. Оқу модульдерінің видеолары дайындалып, қолжетімді форматта орналастырылды. Мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілді. Жастар ресурстық орталықтарының және білім беру ұйымдарының психологтарына арналған онлайн-оқыту курстары өткізілді.

Оқудан өткен психологтар саны — 60 (жоспар — 100).

20 психологтан тұратын кезекті топ 29 қыркүйекте оқуды бастайды.

Оқу материалдары YouTube арнасында жарияланған. Тіркелу үшін байланыс нөмірі:

Жастарға арналған конкурс өткізілді. 15 қыркүйекте жастарға арналған шығармашылық конкурс іске қосылды. Пландық қамту — 2000-нан астам адам. Үздік идеялар Instagram парақшасында қоғамдық дауыс беру арқылы таңдалады. Конкурс ережелері ресми сайтқа жарияланды. Анкеттеу және тестілеу нәтижелері. Алдын алу шараларының тиімділігін бағалау мақсатында кең көлемді диагностика жүргізілді:

Жетісу облысы — 100% (жоспар — 70%),

Астана қаласы — 80% (жоспар — 70%).

Зерттеулердің нәтижелері 2026 жылы өтетін халықаралық конференцияда таныстырылып, оның негізінде заңнамаға өзгерістер енгізуге қатысты депутаттық сауал жолданады. 

Алдағы жоспарлар жыл соңына дейін:аралық нәтижелер бойынша пресс-конференция,өңірлерден 40 психологты оқыту, жобаның жылдық қорытындысының ашық онлайн-презентациясы өткізілетін болады. 

Жастар арасында лудоманияның таралуын азайтуға бағытталған бұл жоба жоғары нәтижелер көрсетіп отыр. Өңірлік қамту кеңейтілді, кәсіби мамандар желісі қалыптасты, ақпараттық және әдістемелік құралдар әзірленді, инновациялық цифрлық сервистер енгізілді.

Аралық нәтижелер жобаның қоғам үшін өзекті әрі тиімді екенін, сондай-ақ Қазақстан жастарының психологиялық денсаулығын қорғауға маңызды үлес қосып жатқанын айқын көрсетеді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір