«Есірткісіз өмір ғажайып!»
07.11.2025
128
0

Достар!
Менің ойларым саған қисынсыз көрінуі мүмкін. Алайда бейбіт заманның бақытты ұрпағы ретінде әрбіріңді таза, ұқыпты, мықты болашаққа шақырғым келеді. Сіз бен біздің алдымызда мыңдаған жарқын мүмкіндіктер тұр. Біз – бұл әлемді өзгерте алатын, батыл және жігерлі ұрпақпыз! Бірақ осы жолды, қаншама армандарымызды бұзатын бір қауіп бар – ол есірткі.
Есірткі – бұл жақсылыққа кепілдік беретін өмір емес, уақытша ғана ермек. Ол сені әлсіз ететін, денсаулығыңды құртатын және еркіндігіңді шектейтін, азаттық емес, құлдық әкелетін қараңғы әлем!
Біздің таңдауымыз – есірткісіз өмір болсыншы!
Нағыз күш спортты таңдауда! Жеңістің дәмін татуда емес пе?!
Білімді таңдап, өз арманымызға жол ашуда ғой! Достықты таңдап, адал адамдармен бірге болуда деп ойлаймын!
Егер саған есірткіні ұсынса, «Жоқ! Маған бұл қажет емес! Менің өмірім – маған алтыннан қымбат!» деп таңдау жаса. Есірткісіз өмірім – мен үшін ғажайып өмір. Себебі, арайлы таңның шуағына шомылып, таза ауаны еркін тыныстаймын. Шымыр да қуатты бойыма рухты ойлар жинаймын, айналамдағы дос-жараным, жақындарыммен ғажайып қайталанбас сәттерді бірге өткеремін. Айналам думанға толы қызық сәттермен көмкерілген. Ал есірткіге тәуелді өмірде қиындықтан басқа не бар? Тек тұңғиық, жалғыздық, қорқыныш…
Есірткіге жоқ деп айту – батырлық, досым! Бұл – өз өміріңді және болашағыңды қорғау! Ғажайып өмірге қадам жасау! Кел, бірге, жарқын өмірді таңдайық! Есірткісіз өмір — нағыз ғажайып өмір!

Назым Айтбаева,
№40 А.Қыраубаева атындағы
орта мектептің 10-сынып оқушысы,

Бірлестік ауылы,
Шиелі ауданы,
Қызылорда облысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір