Абай мектебіндегі кездесу
04.11.2025
63
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Алматы қаласында
21 заманауи мектептің құрылысы жүріп жатқаны көпшілікке мәлім. Соның бірі де бірегейі – Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты.

Бұл оқу ордасы – Үкімет қаулысымен 2006 жылы Абайдың есімі берілген, елімізге және төрткүл әлемге танымал, соның ішінде ұлтымыздың рухани өміріне елеулі үлес қосқан тұлғалар білім алған мектеп. Мектептің атақ-абыройы республикаға ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де белгілі.
Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов бастаған қаламгер қауым Абайдың есімі беріліп, оны абыроймен көтеріп келе жатқан тарихи білім ордасының жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстарымен, оқу ордасының болашақ жоспарларымен танысты.
Мектеп басшылығымен әңгіме барысында Мереке Құлкенов қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын осындай білім ошақтарының ел руханияты үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Соның ішінде Қазақстан Жазушылар одағы мен Абай ұлттық мектебінің өзара ынтымақтастығы туралы сөз болды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір