«Абай – дана, Абай – дара қазақта!»
31.08.2026
42
0

Шымкент қаласы білім басқармасының «№2 Оқушылар сарайы» МКҚК-на қарасты жыл бойы жұмыс жасайтын дарынды балаларға арналған лагерде «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

​Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының бай әдеби әрі рухани мұрасын өсіп келе жатқан ұрпақ арасында кеңінен насихаттауды, балалардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруды, ұлттық мәдениетке, әдебиетке және өнерге деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыруды мақсат тұтқан шарада
​дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен сахналық шеберліктерін шыңдау да басты назарда болды.
​Кеш барысында лагерь демалушылары ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, оның жүрек тебірентер әндерін орындады. Сондай-ақ Абайдың қара сөздерінен сахналық көріністер көрсетіліп, оқушылар өздерінің өнерлерін жоғары деңгейде паш етті.
​Шара жиналған қауымға рухани азық пен ерекше әсер сыйлады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір