Инклюзивті форматтағы кітаптар
28.04.2025
126
0

Жуырда инклюзивті форматтағы алғашқы балалар кітаптары жарық көрді. «Kitap Time» оқырман клубының жиыны аясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы алғашқылардың бірі болып дайындаған инклюзивті 4 форматтағы балаларға арналған кітаптардың тұсаукесерін өткізді.
Кітаптар брайль қарпімен, үлкейтілген қаріппен, дыбыстық және бейнеформатта жарық көріп отыр. Бұл – зағип және нашар көретін балаларға әдебиетке тең қолжетімділік жасауға бағытталған жоба. Кітапты дайындауға кітапхана ұжымы үш ай уақыт жұмсаған. Жоба аясында алдағы уақытта да түрлі жанрдағы әдеби шығармаларды инклюзивті форматта шығару жоспарланып отыр. Инклюзивті бағыттағы бұл бастама – өңірдегі әлеуметтік қолжетімділікті арттыру мен мәдени ортаға ерекше қажеттіліктері бар балаларды тартуға бағытталған маңызды қадам.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір