«СЕМЕЙДЕН ЕСКЕН САМАЛ»
01.10.2024
672
0

Қыркүйек айының 21-күні Абай атындағы кітапханада қала күнін мерекелеу аясында, Семей қаласы әкімінің қолдауымен ақын Мерей Қарт­тың құрастыруымен «Семейден ескен самал» Семей ақындар антологиясы жыр жинағының тұсаукесері өт­ті.

Іс-шараға Семей қаласының әкімі Н.Нұрсағатов, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын, академик Б.Жақып, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекет­тік жастар сыйлығының, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Д.Кәпұлы, зиялы қауым, әдеби орта өкілдері және кітапсүйер қауым қатысты.
Қала әкімі Н.Нұрсағатов жиналған қауымды келе жатқан қала күнімен құт­тықтай отырып, жаңа жинақтың құндылығына тоқталса, ақын Б.Жақып, өз кезегінде қазақ халқының ұлт­тық руханияты ныға­йып келе жатқанын алға тартып, Семей ақындар антологиясына жоғары баға берді.
Жиналған қауыммен қоса, қала әкімі Н.Нұрсағатов, профессор Б.Жақып, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекет­тік жастар сыйлығының, халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Д.Кәпұлы «Семейден ескен самал» Семей ақындар антологиясы кітабының тұсаукесер рәсімін жасады.
Бұл жинаққа Абай облысы өңірінен шыққан, осы өңірдің төл перзент­тері қазақ поэзиясы өкілдерінің таңдаулы өлеңдері һәм танымал ақындары С.Дүйсенғазы, Т.Ешен, Д.Берікқажы, Д.Кәпұлы, А.Елгезек, Қ.Сарин, С.Қамшыгер, М.Қарт, Б.Игілік, О.Қасым, А.Шеризат, Е.Жұмабекұлы, Б.Ахмер, Н.Байтөс, Қ.Әубәкірова т.б. ақындардың таң шығындай мөлдіреген, өткір тілімен ерекшеленетін лирикалары енген. Іргелі антологиялық жинаққа қызығушылық танытушы оқырман шоғыры да қалың болды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір