«Super 100!» қазақстандық Ада Лавлейс үшін
02.05.2024
684
0

Астанада «TechnoWomen Asia» мен қазақстандық «Роботек» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға «Technowomen Central Asia» халықаралық форумы алаңында қол қойылды, оның аясында елімізде «Super 100!» бірегей жобасын жүзеге асыру басталады.

Алдағы демалыстар уақытында «Роботекте» жазғы мектеп ашылады деп жоспарлануда, онда жүзден астам қыз бала бағдарламалау және құрастыру бойынша алғашқы білімдерін алады.

– «Super 100!» миссиясы – оқушы қыздарды STEM біліміне баулу, ақпараттық технологияларға, робототехникаға, инженерияға және жасанды интеллектке деген қызығушылықты ояту. Қазақ және орыс тілдеріндегі тегін курстар сұранысқа ие болады деп үміттенеміз. Біздің жоба қыздарға болашаққа алғашқы әрі сенімді қадам жасауға, мамандық таңдауға, отандық зияткерлік технологияларды жасауға көмектеседі», – деп атап өтті «Robotek» коммерциялық емес қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Диана Дүйсенова.

Бүгінгі таңда біздің заманымыздың стратегиялық басымдықтарының бірі –цифрлық шындыққа нәзік жандыларды тарту. Олар үшінші жүз жылдық әлемдік IT трендтерді алға тартып келеді. Мысалы, Ада Лавлейс 19 ғасырда есептеу машиналарының алгоритмдерін жазған адамзат тарихындағы алғашқы бағдарламашы ретінде белгілі, АҚШ Әскери-теңіз күштерінің контр-адмиралы Грейс Хоппер компьютерлік бағдарламалауды жасады, Хеди Ламарр заманауи Wi-Fi және Bluеtooth анасы деп аталады. «Super 100!» авторлары жобаға қатысушылардың арасында Қазақстанды әлемге танытатын цифрлы амбассадорлар болатынына сенімді.

IT әлеміндегі әйелдердің маңыздылығын Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «TechnoWomen Asia» қатысушыларына алғысөзінде ерекше атап өтті:

— Бүгінде IT әлеміндегі әйел ешкімді таң қалдырмайды. Беделді әлемдік сарапшылардың болжамдары бойынша, 2030 жылға қарай IT әйелдер үшін қарапайым мамандыққа айналады. Біздің миссиямыз – цифрлық дағдыларды ілгерілету, цифрлық бизнестегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және әйелдердің цифрлық экономикаға сенімі мен қабілетін дамыту үшін бизнесті басқару бойынша оқытуды насихаттау.

«Super 100!» түлектері «Technogirls» бағдарламасы аясында No Code, Low Code және Beta Career сияқты салаларда цифрлық білім беруді жалғастырады, сонымен қатар отандық және шетелдік компанияларда тағылымдамадан өтеді деп жоспарлануда.

– Жаңа жоба ІТ-саласында гендерлік теңсіздікті азайтуға, қыздардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға және жасанды интеллектті енгізуге байланысты сұранысқа ие мамандықтармен таныстыруға бағытталған «Technogirls» отандық бағдарламасына қолдау көрсетеді. Жалпы, бүгінгі таңда барлық ірі IT-жобалар елдің табыстылығын арттыруға бағытталған», – деді «TechnoWomen Asia» Басқарма Төрайымы Азиза Шужеева.

«Super 100!» ұлттық жобасының алғашқы қатысушылары санаулы күннен кейін еліміздің барлық аймақтарынан 300-ден астам мектеп оқушылары мен тоғыз шетелдік команда қатысатын «Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионатынан кейін белгілі болады.

Мира Алипинова

Суретті түсірген Раухат Аркулов

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір