«Бала ең алдымен сапалы білім алуы керек»
18.09.2023
197
0

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қоғамда қызу талқыға түскен мектеп оқушыларының хиджаб кию мәселесіне қатысты өзінің пікірін жариялады.

«Қазір әлеумет­тік желіде мектептерде хиджаб кию мәселесіне қатысты талқы тоқтар емес.
Осыған байланысты, діни салаға жауапты лауазымды тұлға ретінде, өз тарапымнан түсініктеме беруді жөн көріп отырмын.
Ата заңға сәйкес Қазақстанда дін мемлекет­тен бөлінген. Сөз жоқ, мемлекет дін бостандығына кепілдік береді. Бірақ біз – зайырлы елміз! Сол үшін де мемлекет­тік саясат­тың барлық мәселелері діни пәтуалармен емес, азамат­тық нормалармен рет­теледі. Құқықтық-нормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндет­тейді. Өйткені білім беру ерекшелігі бірыңғайлықты талап етеді.
Ал Конституциямыз бойынша мек­тептің міндеті – ел азамат­тарына сапалы білім беруге кепілдік беру және оны қамтамасыз ету.
Сондықтан да мектепте бала ең алдымен сапалы білім алуы керек. Содан кейін барып, ержете келе діни наным-сенімін, қандай киім үлгісін киетінін өзі шешеді деп ойлаймын», – деп жазды Мәдениет және ақпарат министрі өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасында.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір