«Әлемнің мәдени  мұра жауһары – Гобустан жартас суреттері» атты халықаралық фото көрмесі өтеді
20.10.2021
627
0

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Гобустан мемлекеттік тарихи-көркем қорық мұражайы (Әзірбайжан) және «Таңбалы» мемлекеттік табиғи қорық-мұражайымен бірлесіп 2021 жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және әл — Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының 50 жылдық мерейтойына арналған «Әлемнің мәдени мұра жауһары – Гобустан жартас суреттері» атты халықаралық фото көрмесін өткізеді.
Фото көрменің мақсаты: жартас бетіндегі суреттердің эстетикалық бейнесін жаңғырту, петроглифтер кешендері бар шетелдік мұражай-қорықтарымен ынтымақтастықты жолға қою, сондай — ақ бүкіл әлем бойынша ең ірі, әдемі және аса маңызды болып саналатын Қазақстан петроглифтер кешендерінің мәдени мұра нысаны ретінде қалың жұртшылықтың назарын аудару.
Аталған көрме өңірлік, ұлттық және халықаралық білім беру деңгейлерінде петроглифтерді қорғау және сақтау бойынша шұғыл шаралар қабылдауға бағытталған.
Көрменің жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Фото көрмеге отандық және шетелдік жетекші музейтанушылар, археологтар, сарапшылар мен БАҚ қатысады.

Өтетін орны:

Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71,
Әл-Фараби кітапханасы, 4 эт.

Фото көрменің басталуы сағат 15.00-де.
Өткізу форматы: Офлайн.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір