Ауру жайын емдеген білер…
23.06.2017
9985
35

Біздің бүгінгі кейіпкер – Қытай медицинасынан жоғары білім алған, АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Парклэнд университетінде іс-тәжірибеден өткен білікті маман. Ел арасында «жазылмайды» деген алапес ауруына дәру тауып, осы күні бірқатар жұртты емдеуін бастаған жас дәрігер. Алматыдағы Иассауи көшесі мен Шаляпин көшесінің қиылысында орналасқан «Достық» Тибет медицина орталығында дертіне дауа іздегендерді қабылдап жүрген Сұңқар Мұқашқызымен әңгіме төмендегідей өрбіді.

– Алапес деген не өзі? Қалай пайда болады?
– Витилиго, яғни алапесті ауру түріне жатқызса да, жатқызбаса да болады. Теріге түскен ақ таңдақ бет-ауызға, тұтас денеге қаптап кет­се, әлеуметтік ортада, адамдармен қарым-қатынаста науқас адам ыңғайсыз күйге түседі. Әсіресе ел­ге ­танымал тұлғалар, ақсақалдар, ақын-жазушылар, әнші-күйші өнер адамдары өздерін өте қораш сезінеді.Біз ес білгелі бұл дерттің емі жоқ делініп келді. Осы бертінге дейін емі табылмаған алапес деген аурудың түбін қуғанда пайда болу қайнары денедегі қара меланин дәруменінің жетіспеушілігінен екені ертерек анықталған болатын. Бұл жұқпалы ауру емес, қышыт­пайды, іріңдемейді, тұқым қуалауы да мүмкін. Дүниежүзілік денсау­лық сақтау ұйымы дерттің 70%-ын емдеп жазуға қауқарлымыз десе, медицинасы дамыған Қытай да сондай көрсеткішті көрсетіп келген еді. Ал Еуропа елдері мұндай дертті емдеп жазу мүмкін емес деп есептеген. Ол елдерде терінің түсін бояп, өзгертетін кремді пайдаланудан аспай келді. Жалпы, АҚШ- тың Нью-Йорк қаласында, Қытай­дың Шанхай қаласында тек қана­ ала­песті зерттейтін орталық бар. Дегенмен, Қытай мамандары алапесті түбегейлі жазуға болады деген көзқараспен озық медицина мен халық емшілігін бірлестіре отырып, әр түрлі дәрілік шөптерді пайдаланып, қазірше құпия рецеппен дәрі жасап, емдеуді жалғас­ты­рып келеді. Нәтижесі кісі қуантар­лық­тай. Біздің медициналық орталық сол бай тәжірибеге сүйе­ніп жасаған дәрілерді пайдаланады әрі арнайы рецеппен емделу­ші­леріне дәрі жасап бере алады. Себебі, біз осындай тері ауруын емдеумен жеті жылдан бері арнаулы шұғылданып келеміз. Сондық­тан мұндай дертті толық емдеп жазуға мүмкіндігіміз бар деп кесіп айтуға хақымыз бар.
– Сонда қалай емдейсіздер?
– Біз пайдалы шөптен дәрі жасаймыз. Дәрі сұйық су тәріздес бо­ла­ды, науқас сол сырттан жаға­тын сұйық дәрімен қоса ішетін дә­ріні де бірге пайдаланса тіптен пайдалы болар еді. Ал дәрі аурудың жағдайына қарай қолданылады. Әуелі сынақ ретінде терінің бір бөлігіне жағасыз, бірқанша күннен кейін тері қызарып, ұйығандай белгі бере бастайды. Тым көп жақсаңыз домбығып, ісініп, қол­дырап кетуі де әбден мүмкін. Біз­дің кеңесіміз бойынша пайда­лан­ған жөн. Әсер етуін сезіне бас­та­ғаныңызда тері қатты қышып, дуылдап-ашып шыдатпай кетеді, оған енді шыдауға тура келеді. Өйткені, теріні тітіркендіру ар­қылы ғана қара меланинді тірілтуге немесе қалпына келтіруге болады. Көп адамдардың шыдамы жетпей орта жолда емін тоқтатып жатады, бұл өзі ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін ауру болғандықтан, қажыр мен төзім керек, мысқалдап, бір­тін­деп тері жетілетіндіктен, аса сабырлылықты қажет етеді.
– Кері әсері болмай ма?
– Болуы да мүмкін. Әр адамның терісінің сезгірлігі әрқалай.
Бір­еулер аз уақытта әсерін сезініп, аллергия берді десіп жатады. Ал енді біреулерге кешірек әсер етеді. Кері әсері болған жағдайда дәрі жағуды тоқтата тұрамыз, дәрінің құрамын өзгертеміз. Тері құрғап не­месе қатты қызарып, қолдырап кетсе, дәрілік қуаты бар жақпа майлар береміз.
– Жалпы, бұл дертті қанша уақытта емдеп жазуға болады?
– Жоғарыда айтқанымдай әркімге әрқалай уақыт керек. Ауру адамдардың көбі кеселінен тезірек айықсам екен дейді, әрине, біздің де тілегіміз сол. Әлгінде айтқаным­дай жағатын дәрі мен ішетін дәріні бірге пайдаланып, оған қоса уль­тра­күлгін сәулесі лампасымен, қысқа толқынды аппаратпен қыз­ды­рып немесе теріні тітіркендірсе, яғ­ни емнің бәрін бір мезгілде қабылдаса, емдеу нәтижесі көрнекі болады. Адамның жас шамасына қа­рай өнімі де әр түрлі болуы мүм­кін. Мәселен, жастардың, әсіресе балалардың ағзасы емнің өнімін тез қабылдайтындықтан, терілері тезірек жетіледі де, сауығу уақыты қысқалау болады. Ересектерге, әсіресе ауруы асқынып кет­кен адам­дарға ұзақ уақыт бойы, тіпті жылдап емделуге тура келеді.
– Сіздердің орталық тек қана алапесті емдеумен шұғылдана ма?
– О не дегеніңіз… Біз тері ауруы­ның әр түрін емдейміз. Мә­селен, сиыр теміреткісі, қышыма, безеу, есекжем, бөрткен, сүйел… осылар­дың бәрін емдейміз. Ала­пес­ке ай­рықша назар аударған себебіміз – Қазақстанда соңғы жылдары мұндай дерт белең алып кетті. Ол экологияның бұзылуынан, азық-түліктің залалынан, тұрмыс тау­қы­метін тартып, психикалық күй­зеліске ұшыраудан өрбіп жатыр десем, қателеспес едім. Өзіңіз ойлап көріңізші, біздің ата-бабаларымыздың заманында осы дерт болған ба еді?! Болған да шы­ғар, алайда бүгінгі таңдағыдай «қаптап» кетпегені анық.
– Алапесті қазақтың халық емімен емдеуге болмай ма?
– Адам баласы табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан, табиғаттан сан түрлі ем қабылдайды. Мәселен, жел-құз ауруларын, тері ауруларын ыстық сумен, яғни минералды су­лармен немесе балшықпен емдеп жазып алып жатады. Ыстық суларда бу арасан, күкірт арасан, жылан арасан… дегендер бар, солардың әр қайсысының өз ерекшеліктері мен пайдасы бар. Қазақтың халық емшілі­гінің тарихы тым арыдан басталады. Дәл осы ауруға қазақ ем таба алмады дегенге өз басым сенбейді. Алапесті емдеудің жолдарын іздеп жүргенімде өзіміздің халық емшілерінің талайымен кездестім. Сонда бір емші былай деп айтып еді: «Жас кезімде бір тәуіп айтқан: алапесті емдеу үшін алабұға деген балықты ұстап, ті­рідей қайнатасың, өлген балық болмайды, балық суда жарылғанда ішінен бір сұйықтық сорпасына төгіледі. Сол сорпаны әбден қойыл­тып қайнатып ішеді, солай жеті күн ішкенде ауру құлан-таза жазылады». Алабұға деген балық Ертіс, Іле, Балқаш өзендерінде көп болу керек. Мен осы естігенімді үйі Балқаштың бойында тұратын бір жас қызға айтқанмын, ол қыз осы емді қолданып, кейін жазылып кетіпті деп естідім. Біздегі бір кемістік өзіміздің ем-домымызды түбегейлі зерттемейтіндігіміз, аса құнттамайтындығымыз. Еуропа елдерінен әлдеқайда бұрын шешек ауруын емдеген Өтейбойдақ Ті­леу­қа­былұлы секілді бабаларымыз қайдан шықты?! Оның қасында апапес ауруы түкке тұрмайды деп есептеймін.
– Осыдан бірер ай бұрын әлеу­мет­тік желіден Сіздердің орта­лықтың алапесті емдеп жазатыны туралы көзім шалып қалды. Сол жіптің ұшығымен сіздерден жайын білейін деп келгемін ғой…
– Сізге көп рахмет! Емдеу ор­талы­ғымыздың аты – «Достық». Анам Жәмила Асылбекқызы білікті дәрігер. Қытайда осы аттас ауруханада ұзақ жыл қызмет еткен. Елге оралған соң осы орталықты аштық. Мен де Қытай медицинасынан жоғары білім алғанмын, АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Парклэнд университетінде іс-тәжірибеден өткенмін. Сіз сұрап отырған ауруды емдеудің әр түрлі жолдарын Қытайдан үйрендім. Қытай медицинасы мен Тибет медицинасының қыр-сырына үңіліп көрдім, тәжірибелі, білікті дәрігердердің біліміне жүгіндім, осы ауруды арнайы емдейтін орталықтарға барып тәжірибеден өттім, емдік рецептерді өзім жасай алатын күнге жеттім. Қысқасы, ау­руды толық емдеп, жаза алатындай жағдайға жеткен соң ғана жарияға жар салып жатқан жайымыз бар…
– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен
Айгерім АБЛАКИМОВА.

ПІКІРЛЕР35
Ержан 09.07.2019 | 11:26

Менин баламнын козинин устинде ак болып тур аяагында точкалар бар аппак еки козинде кабагынын устинде тур калай емдесе болады

Анара 28.07.2019 | 11:26

менің жолдасымда осы ауру, ұқсайды ұсақ болып шығады кейін үлкейіп кетеді беті қатып ақ болады . Калай емделуге болады ? адресті қалай алуға болады ?

Меруерт 02.08.2019 | 13:18

Менин жасым 46 да менде Витилиго бираз уакыт болды сиздер мен калай хабарласам

Gulfat 02.08.2019 | 23:01

Осы ауруды жазатын адамнын номери бар ма. Болса жазындаршы отиниш 87027055908. 87023528899

Қонақ 03.10.2019 | 19:44

Менин балама 14жасында көзінің үстіне қабағының үстіне шықты қазір сол көбейіп кетті қазір балам 20 жаста Сұңқар дәрігермен калай хабарласа аламын телефон номерйн жйберсенйздер

Қонақ 20.11.2019 | 22:49

Маган жазынызшы калай сойлессем болады

Қонақ 12.12.2019 | 23:19

Ммм

Қонақ 12.12.2019 | 23:20

Жазылган адамдар барма???

Қонақ 07.02.2020 | 02:14

Менде де сондай ак дактар мойныма шыгып жатыр.Алгашында ол кишкентай бала кунимнен болатын калай турмыска шыктым содан бастап

Қонақ 07.02.2020 | 02:16

Коп болып шыгып кетти не истесем болады айтыныздарш отиниш Калай емделсем болады

Қонақ 22.02.2020 | 02:14

Сәлеметсіз менің келінінің жасы 24те əр жерінде бар ак дактар калай хабарлассак болады 87051476428

Қонақ 06.04.2020 | 16:47

Мекен жайы кайда? Калай хаб.га болады?

Қонақ 29.04.2020 | 15:34

Адрес қайда қалай барсақ болады

Қонақ 10.05.2020 | 02:46

Саламатсызба. Ұлым енді 18Ге шығады. ала дақтар көбейіп бара жатыр. Өтініш мұның емі барма

Қонақ 25.05.2020 | 23:48

Мекен жайы неге жазбаған калай табуға болады

Қонақ 10.06.2020 | 16:53

Бызгеде мекен жайын берыныздер менын номерым87768370566осы номерге ызвандап мекен жайды айтып берыныздершы

Қонақ 13.06.2020 | 00:37

мекен жайын жазсаңыздар екен алдын ала рахмет

Қонақ 25.06.2020 | 12:23

Толык мекен жайын,тел.ном.жибере аласыздар ма…

Қонақ 05.08.2020 | 08:20

Телефон номер берсеніз

Қонақ 11.08.2020 | 18:47

Сәлеметсізбе!?Менің немеремнің маңдайдағы шаштың астынан шығып шашы ағарып бастаған Врачқа барған едік витилиго деген диагноз қойды анализін жіберсек болама

Қонақ 12.08.2020 | 19:51

Саламатсыздарма. Қалай хабарласуға болады екен. Кері шығатын мумкіндік болса мына тел хабарласа қоясыздарма 8775 357 70 86

Қонақ 15.08.2020 | 10:16

Алматыдағы Иассауи көшесі мен Шаляпин көшесінің қиылысында орналасқан «Достық» Тибет медицина орталығында

Қонақ 22.03.2021 | 02:30

Саламатсыздарма!Өтініш адрес жазыңыздаршы,

Қонақ 22.03.2021 | 14:33

Адрес мекен жайыңызды

Қонақ 03.04.2021 | 12:38

Саламатсыздар ма?сотка номерлерин жиберсениздер!

Қонақ 03.04.2021 | 12:41

87028325570 осы номерге жиберсениздер.Отиниш кленейкадагы даригерлердин номери болса,айтып жибересиздер ме?

Қонақ 06.04.2021 | 18:15

Мендеде солай дигноз қойып отыр енді басталды қалай хаб болады шынмен емі барма

Қонақ 10.04.2021 | 11:59

Саламатсызба менің балама шыкты кулагын астында өтініш сотка номір жбересңз ба?

Қонақ 14.04.2021 | 22:30

Саламатсыз ба менин агамда бар тел ном барма

Қонақ 14.05.2021 | 20:06

Адрес айтыныздаршы витилегоны емдейтин врачтын номери барма отиниш

Қонақ 26.06.2021 | 21:13

Мекен жайыныз қалай хаьарласақ болады

Қонақ 30.06.2021 | 12:33

Сәлеметсізбе! Мекен жайыңызды жазасызба. Телеяон номеріңізді берсеңіз. Хаарласқым келеді

Қонақ 04.07.2021 | 01:32

Сункар Мухашкызымен калай хабарласамыз.

Қонақ 05.08.2021 | 23:09

Суңқар Мухаш ханыммен қалай хабарласуға болады.
Тел ном жазыңызшы

Қонақ 11.09.2024 | 12:36

Талдықорған да барма

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір