Франция сапары
07.04.2017
1295
0

Наурыз мейрамы қарсаңында ҚазҰУ-дың  ректоры Ғалымқайыр Мұтанов басқарған ҚАЗҰУ-лық делегация Сорбонна Париж-Ситэ 7 Дидро университетіне ресми іссапармен барып қайтты.

Өткен жылдың желтоқсан айында атал­ған беделді университет делегациясы ғылым-білім саласындағы ұсыныстар мен мүмкіндіктерді талқылау үшін ҚазҰУ-ға іссапармен келген болатын. Келіссөз нә­ти­жесінде 2017 жылдың 16 наурызында университеттер арасындағы екіжақты се­рік­тестік туралы келісімшартқа қол қойылды.
Келісімшартта ғылыми тағылымдама, студенттер мен оқытушылар алмасу, бір­лес­кен зерттеу жұмыстарын, қос дипломды білім беру бағдарламаларын дайындап, оны жүзеге асыру көзделген.
«Бұл серіктестікті стратегиялық деп атау­ға болады, себебі бұл келісімшарт Фран­ция мен Қазақстан мүддесі үшін қа­жетті мамандарды даярлау мәселесінде көптеген сауалдарды бірлесе отырып шешуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов. Екі жақ химия, биология, физика және космология, математика, ақпараттық технологиялар бойынша серіктестікті дамыту жөнінде уағдаласты. Бұл ынтымақтастық аясында Нобель сыйлығының лауреаты Джорж Смут жұмыс істейтін космология зертхана­сында, сонымен қатар ҚазҰУ мен Париж Сор­бонна Дидро университеттерінің зерт­­­ханаларында бірлескен ғылыми-зерт­теу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Университеттер осыған дейін де бірлесе отырып құқықтану пәні бойынша жазғы мектеп жұмысын жүргізген болатын. Бо­ла­шақта ғылымның бұл бағытындағы жұ­мыс Сорбонна Париж-Ситэ 5 Декарт уни­верси­те­тімен бірлесу арқылы кеңей­тіле­тін болады.
Іссапар барысында ҚазҰУ делегациясы Лотарингия университетіне де барып қайт­ты. Айта кетелік, бұл оқу орнымен бір­ге ҚазҰУ «Гео-Энергетика» Қазақстан-Фран­­цуз ғылым-білім орталығының жұ­мы­сын жемісті жүзеге асыруда. 2009-2010 жылдары екі ел президенттері Н.Назар­баев пен Н.Саркозидің бастамасымен ашыл­ған осы орталықтың ЭКСПО-2017 қар­саңын­да стратегиялық маңызы зор екен­дігін атап өткен жөн. Бұл бағыттағы жұ­мыс серіктестіктің екінші деңгейіне жол ашып, соның негізінде баламалы және қалпына келетін қуат көздері, гео­энергетика салаларындағы мамандарды дайындау және қайта даярлау жөнін­де­гі аймақтық хаб құру жоспарланып отыр. ҚазҰУ мен Лотарингия  университеттерінің ұзақ жылғы тиімді серіктестігі ескеріле оты­рып, екі жақ жаратылыстану және әлеу­меттік-гуманитарлық бағыттар бо­йынша ынтымақтастықты кеңейту мүмкін­діктерін де қарастырды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір