Танымал ғалымдардың дәрістері
30.03.2017
1355
0

«Кселл» компаниясы мен «WikiBilim» қоғамдық қоры «Қазақстанның ашық университеті» білім беру платформасындағы алғашқы тегін онлайн-курстардың басталғанын жариялады. Жоба ҚБТУ, AlmaU, SDU, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Математика және математикалық модельдеу институты сияқты еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының қолдауымен іске асырылып отыр.

«WikiBilim» қоғамдық қо­ры­ның президенті Нұрбек Мат­жани­дің айтуынша, OpenU білім беру платформасының арқасында қа­зақ­стандықтар жобаға серіктес университеттердің үздік про­фес­сорларының дәрістеріне еркін қол жет­кізу мүмкіндігіне ие болды. Ашық университеттің алғашқы он­лайн-курсының авторы – бел­гілі қазақстандық ғалым, физика-математика ғылымының док­то­ры, профессор, ҚР ҰҒА ака­­­­демигі Асқар Жұмаділдаев.
«Жоғары жылдамдықты Ин­тер­нетке қолжетімділіктің артуы көптеген салаларды өзгертіп, тиім­ділікті арттыруға жаңа мүм­кіндіктер ашып отырғаны бар­ша­мызға белгілі. Мысалы, жоғары бі­лім беру саласында бұқаралық ашық онлайн-курстарға (MOOC) негізделген онлайн оқыту технологиялары дамып жатыр. Дүние­жүзінде миллиондаған тыңдарман осындай курстарға қатысу арқылы білім алады, біліктілігін ар­т­ты­рады немесе жаңа ма­ман­дықты меңгереді. OpenU жоба­сы­ның міндеті – ниет білдірушілердің барлығына қазақстандық жетекші профессорлардың ең үздік дәріс­теріне қол жеткізуді қамтамасыз ету. Бұған, әсіресе, біздің өңірлік жо­­ғары оқу орындарының сту­дент­­тері мүдделі. «Қазақстанның ашық университеті» диплом бер­мей­ді, ол университеттерге өз қыз­­меттерінің сапасын арттыруға, ал оқушыларға сапалы білім алуға кө­мектеседі», – деп атап өтті «WikiBilim» қорының негізін қа­лаушы әрі Қамқоршылық кеңе­сі­нің төрағасы Рауан Кенжехан­ұлы.
«Біз «Ашық университет» жо­ба­сы тек колледж және жоғары оқу орындары талапкерлері мен сту­денттеріне ғана емес, сондай-ақ жұ­мыс істеп жүрген, соның ішін­де, ІТ және телекоммуникациялар саласындағы мамандарға да қы­зық болады деп сенеміз. Оған қо­са, платформа мүмкіндігі шектеулі жан­дар мен мегаполистерден шал­ғайда орналасқан аудан тұр­ғын­дарын білім беру курстарына қол жеткізді. Аталмыш жоба еліміз үшін шынымен де бірегей жоба. Келешекте бұл жо­баны эко­но­миканың басқа да са­лаларындағы біз сияқты білім беруді дамыту мен өз саласы үшін жо­ғары білікті кадрларды дайын­дау­ға мүдделі компаниялардың қол­дайтынына сенгіміз келеді», – дейді «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің жетекшісі Наталья Еськова.
Kcell компаниясының қол­дауы­мен алғашқы 10 онлайн-курс әзір­ленді. Олардың қатарында ке­лесідей курстар бар:
1) Матрицалар және анық­тауыш­тар;
2) Мемлекеттік-жекешелік әріп­тес­тік;
3) Web-бағдарламалау негіз­дері;
4) Фурье талдауы;
5) Робототехника;
6) Java тіліндегі компьютерлік ғы­лым негіздері.
Бір курстың орташа ұзақтығы – 5 апта. Бірегей білім беру контен­ті­нің 80%-ы қазақ тілінде. Бұған қо­са, порталға онлайн-курс ав­тор­лары ұсынатын арнайы әде­биеттер енгізіледі. Сонымен бірге, платформада алған білім­ді тексеруге арналған тест тап­сырмалар да қарастырылған.
OpenU.kz платформасы Гарвард университеті мен Массачусетс технология институты ма­ман­­дары жасаған Open edX не­­гі­зінде құрылған. Сайтта интуи­тивті интерфейс, ыңғайлы видеоплеер, курс тыңдаушыларының жеке кабинеті, тест тапсырмалары мен конспектілер бар.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір