ҚОЛДАН СОҚҚАН КЕСКІНДЕР
27.01.2017
2230
0

Нұрманбет ҚИЗАТҰЛЫ


Қордалы қораның маңында шықылықтап жүрген
Ордалы билікке бір сауысқан келді.
Бошалаған сиырдай жыпырлап келіп
Жоғарыдан төмен ауысқаны еді.

Кең айдында жүзіп қайық салысқан еді.
Өркеш-өркеш өмір толқындарымен алысқан еді.
Озу емес оған  әйтеуір қалыспау еді.
Ауыр салмақты ауыр кемемен мұхитқа да шықты.
Бірақ оның қарым-қабілеті алыстау еді.
Қайыра келген жер таныстау ел еді.

Ұнамаған  мамандарды мазалау,
Сөйтіп өзін «қоршаған ортасын» тазалау.
Науқандары басталып
Қуғын-сүргіннен жасқанып.
«Практиктер» кетіп, «практикант» жасты алып
Жауыр болған «жаңа» жобаның
Тәуір болған «авторы» болып
Креслоға отырды қасқайып.

Бірақ кресло шұқыр ма, әлде өзі мықыр ма
Бойы жартылай көрінбей жатты.
Ойы да жарқырап оталмай сөніп жатты.
Залда отырған зиялылар ішінде
Тазылары қыңсылап, иттері тірідей өліп жатты.

Айтқан айының аяғын таппай ың әрпін
Жалғап ыңырсып отырды.
Мағынасыз сөздер  күйген терідей қоңырсық
Қолайсыз «аураға» толтырды.

Біраз іскер «ескілер» кетіп
Сауынымен сауығы басылмаған ешкілер келді.
Өзіне жат «Ешкімдер» кетіп
Қолдан соғылған «кескіндер» келді.
Есіктен сығалатып ес білер елді
Қабылдауда қамығып халқы отырса.
«Төрелер» жақтан топан судай күркіреп
Ерсі  сөздермен естілер күлкі.
Олар Қошқарын қомсынған, Серкесіне секірген
Қортық қойлармен шыжбақай ешкілер еді.
Жұмыста жуас болғанмен
Еркегін ерттеп алып, үзеңгісін тепсінгендер еді.
Үйдегі еркегінің қадірін білмеген
Түздегі елдің қамын жеп
Өзгенің өмірін өсек жібімен ескендер еді.

Қыңырлығынан әсте үміт үзбейтін
Әзіл айтсаң атаңның аузын іздейтін.
Қасаң жандардың қатары өсті.
«Қалжың дейтін дерттен» саумыз дейтін.
Айдаусыз жүрмеген, аңдаусыз күлмеген.
Есектер де келді.
Олардың күш-қуатымен
Шығыны есептелген еді.
Жаңқа қажап, қағазға қақалмайтын
Қарлыққан қаңсық даусы болмаса
Қашырдан аласа, байқалмайтын
Арбасына қанша жүк артсаң да
Арам жүрісін қайталайтын.
Айдындағы айбынды Капитан орнына
Аюандығы мол маймылды қойды.
Жиналыста қу түлкілер құтылып
Аңдып басқан Аюды «сойды».
«Тақсырдан» тағы тапсырма келді.
Қаржы бөлімін құда қоржынындай бөлісетін
Қасынан қарс ұзамайтын қасқырға берді.

Аспанды жайлап алысты көрген Қырандарда
Самғап ұшпай тұғырда тұра алған ба.
Жерден басын алмасын деген жоқ қой
Жермен көк адам үшін құралғанда.

– Ұлылықты биікке апаратын
Біздей-ақ өмір сүрсін ұландарда.
Дарын биіктігін дәріптеп ұрандама –
Деген сөзбен сауысқан тиып отыр
Қасында құйрығын бұлғап
Ептілікті тауысқан «тиын» отыр.
Елі ерге қараса, ері жерге қарап
Ешкімді тыпыр еткізбей
Айылын жиып отыр.

Елдің сабырын суырып, санасын қуырып отырса да
Асқа емес «Таққа», Жерік Әбігеров әзірге
Дарқан елдің ішіне «данышпандығы» сиып отыр.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір