Өткенді біліп сөйлеу
Елен ӘЛІМЖАН, жазушы-драматург
Ағылшын тарихын жазамын деп, бүкіл әлемнің тарихын жазған Арнольд Тойнби дейтін ағылшын философы: «Алып империялар ыдырағанда орнына келетін мемлекеттердің түсетін төрт жолы бар. Біреуі өткенге оралу, екіншісі әсіре жаңалық, үшіншісі өзімен-өзі тұйықталу, төртіншісі түлеу, жаңару жолы», – дейді. Әрине, бір жолды таңдауда сол елдегі халықтың білімі, менталитеті, танымы өзіндік роль атқарады. Біздің КСРО ыдыраған кезде әр республикада осы төрт жолдың белгілері болды. Ал біз соның ішінде соңғы төртінші жолын таңдаппыз. Бірақ біз өткенімізден де бас тартпай, соны базис ретінде алып, соны жаңарту жолында жұмыс істеп келе жатырмыз. Әрине, бұндай алып жұмыстарда біресе оңға, біресе солға кетіп қалу кездеседі.Тоқсаныншы жылдары өзге елдің бәрі шығып жатыр, біз неге Одақтан шықпаймыз деп, биліктегілерге наразы болдық. Мен тура сол жылы Өскеменде болдым. Өскеменде телерадионың бастығы Окшин маған музейдегі картадан орыстардың сол жерге қоныстанған жылдарын көрсетті.Қазақтарды да көрсетіп тұрып, қашан қоныстанғаны туралы дерек жоқ дейді. Бұл нені көрсетеді? Демек, жердің иесі – біз. Тәуелсіздік елесі енді жүріп жатыр. Халық бөлініп кетуге дайындалап жүр дегенді айтты. Мұндай жағдайлардың болғаны туралы көп халық хабарсыз, бірақ шекарадағы облыстарда мұндай қауіптің болғаны рас.
1991жылдың желтоқсанында егемендік жарияладық, он бес республика ыдырап кеткеннен кейін рубль зонасы өзін ырықтандырып жіберді де, ақша құнсызданып кетті. Бүкіл Қазақстан бойынша ереуілдер басталды. Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында келісім жасай жүріп, теңге шығарды, Ельцинмен бітімге келіп, Қазақстанның шекарасын бекітіп алды. Осындай аласапыран іс-әрекеттер болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы саяси тыныс-тіршілігімізде көптеген қиыншылықтар болды. Бірақ сол қиыншылықтар тез ұмытылуда. Барлығы оңай келе қалғандай ойланбай сөйлейтін тұсымыз да бар. Бірақ әлі де қиындықтар болады. Сол жолда да халықпен бірге болуды жазсын.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.