ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (с.ғ.с) РОМАНТИКАЛЫҚ ӨМІРІНЕН БІР ҮЗІК СЫР…
13.01.2017
1729
0

Өткен жолы бір дін қызметкерінің: «Мұхаммед (с.ғ.с) романтик болмаған дейтіндер – қателеседі», – деген сөзі бізді біраз ойландырып қойды. Осыдан кейін аз-кем ізденіп көріп едік…

Расында, Алла Елшісінің Құ­дай қосқан жарының арасындағы махаббат, романтика, нәзік сезім, шы­найы сенім, сүйіспеншілік, ыс­тыққа бірге күю, суыққа бірге тоңу… тағысын тағылар адамзат ба­ласы үшін өлмес өнеге, мәңгілік ғи­брат.
Шіркін, махаббатты жыр­лай­тын­дар Мұхаммедтің (с.ғ.с) ро­ман­тикалық өмірін, шаттыққа то­лы шаңырағын, жанұясындағы жылулық пен жұмсақтықты күллі әлемге паш етсе деген ой түйеді екен­сің…
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бү­кіл өмірінің, әрбір салиқалы сөзі мен ізгі амалының арасының тек ер мен әйелдің сүйіспеншілігін арт­тыратын оқиғаларды бөлек сөз етер болсақ, алатын сабақ, түйетін ой көп. Сонымен…
БІРІНШІ сабақ. Әйелді еркелету, оған еркелеу әдісі… Алла Ел­­­шісі (с.ғ.с) Айша анамызды «Аиш» немесе «Хумейра» деп ата­ған екен. Аиш дегені – «өміршең» де­гені. Ал «Хумейра» дегені – қы­зыл өңді дегені. Жүзі қызғылт бол­ғандықтан осылай еркелетіп­ті.
Еркелету – нәзік жанның «осал» тұсы… Еркелету – бо­саң­сы­тып жіберу емес. Керісінше, сезі­мін оятып, сүйіспеншілігін кү­шей­ту. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жа­рын еркелететін әрі оған ерке­лей­тін.
Болашақ қалыңдыққа үйлену ал­дында оған неше түрлі «тәтті» сөз­дер айтып, сезімдерімізді біл­ді­­ретініміз өтірік емес. Ал отау құр­ғаннан кейін «жаным», «асыл жарым», «сүйіктім»,«сүйкімдім» де­ген «тегін» сөздерге сараң боп қа­латынымыз түсініксіз… Неге? Өйт­кені, сезімді өшіретін де өсі­ре­тін де өзіміз екен…
Кейде бір ауыз жылы сөздің өзі шаңырақтың шырайын кіргізіп, отбасының берекесін арттыратыны ақиқат. Керісінше, бір ауыз сөз жүректерді суытады.
ЕКІНШІ сабақ. Жарыңды жақ­сы көретініңді жария айту. Са­хаба Амр ибн әл-Ас Алла Ел­ші­сі­нен (с.ғ.с): «Ең жақсы көретін ада­мыңыз кім?» – деп сұрағанда: «Айша», – деп жауап беріпті.
Әйелімізді жақсы көретінімізді өз­геге айту былай тұрсын, кейде өзі­не айтуға «қысылып», сөз «шы­ғын­дауда» сараңдығымыз жібер­мей қалатынын несіне жасы­райық?!
Бірде Айша анамыз пай­ғам­бары­мыздан (с.ғ.с): «Уа, Алланың Ел­шісі! Мені қаншалықты жақсы кө­ресіз?» – деп сұрайды. Сонда ол (с.ғ.с): «Мықты түйін мен жуан жіп се­кілді», – деген жауап қайы­ра­ды.
– Уа, Алланың Елшісі! Сіздің түйі­ніңіздің жағдайы қандай дең­гей­де?
– Ол өз орнында.
Осыдан кейін олар бір-бірінің сұлу­лығын сипаттайтын өлең-жыр­лар айтатын. Ауыздары берік бол­са да бір-бірін сүйіп, жүрек­те­гі­ шынайы сезімдерін білдіретін.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір күні Ай­шаға Умму Зарр туралы хикаяны баяндап, сөзінің соңын: «Умму Зарр Әбу Зарр үшін қандай болса, сол секілді сен де маған сон­дай­сың», – деп аяқтайды. Күйеуінің бұл сөзіне орай өзінің де терең ма­хаб­батын білдірген ол: «Сен мен үшін Әбу Зарр Умму Заррға қым­бат болғаннан да қымбатсың», – дей­ді. Бұл – «сіз мені жақсы көр­ген­нен де қатты жақсы көремін» де­гені.
ҮШІНШІ сабақ. Жарыңның жақ­сы көретінін жақсы көру неме­се оның қалауын терең сезіну… Ай­ша анамыз пайғамбарымыздың (с.ғ.с) нені жақсы көретінін, нені қа­лайтынын, қандай тамақты ұна­татынын терең түсінді.
Сол секілді, Алла Елшісі (с.ғ.с) де жарының нені ұнататынын жақ­сы білді. Айша анамыз былай дей­ді: «Ыдыстан су ішіп, оны пай­ғам­барға ұсындым. Ол да мен іш­кен жерге ернін тигізіп, су ішті. Сүйек кемірген соң оған бердім. Ол менің аузым тиген жерден мү­жіді».
Қандай ыстық сезім, күшті ма­­хаббат, романтика десеңші?!
Айша анамыз орамалын хош иістендіріп, орамалдан шыққан жа­ғымды иіспен пайғамбар (с.ғ.с) ал­дына баратын… Әйел қауы­мы­ның өзінің өн бойындағы сұлу­лық­ты, әдемілікті өзгеге емес, өз күйеуіне көрсете білу, сездіре білу де­гені осы болса керек…
Олар бір-бірін, тіпті ыммен, иша­расынан-ақ түсінетін. Алла Ел­шісі (с.ғ.с) ақтық сапар алдында жа­т­қанда тіс тазалағышын (ми­суәк) іздейді. Айша анамыз оның (с.ғ.с) сол затты сұрап тұрғанын кө­зінен, көзқарасынан-ақ сезіп қоя­ды. Әуелі мисуәкті аузына салып, өзі жұмсартып береді. Содан кейін пайғамбарымыз (с.ғ.с) ерекше ықыласпен, бұрынғыдан өз­ге­ше кейіппен тісін тазалаған екен.
ТӨРТІНШІ сабақ. Отбасыңа уа­қыт бөлу, әйелдің көңілін аулау… Алла Елшісі (с.ғ.с) сапарға шық­қанда жарларын (жеребе бойын­ша) өзімен бірге алып жү­ретін. Айша анамызбен бірге аңға шыққанда онымен әзілдесіп, тіпті жүгіруден жарысатын.
Бірде Расулалланы (с.ғ.с) көр­ші­сі қонаққа шақырады. Пай­ғам­бар (с.ғ.с) Айшаның да қатысуын өті­­неді. Көршісі бұған келіс­пе­ген­дік­тен, Расулалла (с.ғ.с) да бара ал­майтынын айтады. Ол бірнеше рет шақырғанымен, пайғамбар (с.ғ.с) бәрібір бас тартады. Тек Ай­ша­мен бірге баруға келісім береді. Ақыры Алла Елшісінің (с.ғ.с) айт­қанына көніп: «Айша да келсін», – деген екен. Сөйтіп, ол (с.ғ.с) аяу­лы жарын бірге ертіп барады.
Мереке күні Айша анамыз пай­ғамбардан(с.ғ.с) эфиоптардың ойы­нын көруге рұқсат сұрайды.Рұқ­сат беріледі. Сөйтіп, ол ме­шіт­тің алдында өткен ойынды Алла Ел­шісінің (с.ғ.с) артында тұрып, та­машалайды. Расулалла жұ­байы­на кедергі келтірмес үшін бір иы­ғын түсіріп тұрады. «Мен иегімді оның иығына қойып, бетімді жа­ғы­на жақындаттым», – дейді Ай­ша анамыз.
Алла Елшісінің (с.ғ.с) аяғы та­лып, шаршаса керек: «Уа, Айша, кө­ріп болдың ба?» – деп сұрағанда: «Жоқ», – деп жауап береді. Бұл жауа­­­бын анамыз былай түсін­дірген екен: «Оларды көргім кел­ген­діктен емес, өзге әйелдердің менің жас еке­німе қарамастан, Расулалланың (с.ғ.с) маған қалай қарым-қатынас жа­сайтынын көргендерін қа­ла­дым…».
Бұдан асқан қандай махаббат болуы мүмкін?
Мұхаммед (с.ғ.с) үй шаруалары­на да көмектесетін. Үйді сыпырып, киімін өзі жамап, қой сауатын.
БЕСІНШІ сабақ. Әйелдің қа­те-кемшіліктерін көркем түрде тү­зеу… Бірде Айша анамыз пай­ғам­­бар­ды (с.ғ.с) қызғанып, оның бас­қа әйелі беріп жіберген тамақ са­лынған ыдысты сындырып қоя­ды. Бұ­ған куә болғандар мұсыл­ман­дар­дың анасынан мұндай қы­лық­ты күтпеген еді.
Сол мезетте Расулалла (с.ғ.с) жа­­­нындағыларға бар болғаны: «Мұ­сылмандардың анасын қыз­ға­ныш билеп алды», – деп оқиғаны жылы жауып, мәселені көркем түр­де жақсылыққа қарай ауыстырып қойды. Өзін ұстай алды әрі әйе­лін ұстамдылыққа тәрбиелей біл­ді. Кекшілдік емес, кеңшілік жа­сады. Жамандықты жақсылық­қа ауыстыру дегеннің хикметі осын­да жатса керек.
АЛТЫНШЫ сабақ. Махаббат – тек тәтті сезім ғана емес… Өмір тек қуаныш пен махаббаттан тұр­май­ды. Кейде қиындыққа төзіп, бар­ға қанағат етіп, сабыр сақтай­тын кезеңдер де кездеседі. Расу­л­ал­ла (с.ғ.с)үйінде апта былай тұр­сын, тіпті айлар бойы оша­ғын­да қазан асылмайтын. Айша анамыз бір сөзінде: «Айлар бойы ошақ­қа от жақпаған кездеріміз бол­ды», – деген. Оның (с.ғ.с) отба­сын­да сол кезеңдерде су мен құр­ма­дан басқа тіске басар ештеңе бол­маған екен. Алайда, Айша анамыз осынау таршылық уақытта пай­ғам­барға (с.ғ.с) шағым айтпа­ған, аштықтан қиналғаны туралы жұртқа тіс жармаған. Ашаршылық пен ке­дейшілікке сабыр сақтаған. Бар­лық іс Алланың қалауына тәуел­ді болса да олар қуанышты да, қайғыны да бірге бөлісе білді.
ЖЕТІНШІ сабақ. Ерлі-зайып­ты­лар бір-біріне – киім. Алла Та­ғала Құранда «Бақара» сүресінің 187-аятында: «(…өйткені, бір-бі­рің­ді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім (іспет­ті) сіңдер…» деп баяндайды.
Пенделік, яғни шектеулі көз­қарас­пен пайымдасақ, адамды суық­та тоңдырмайтын, ыстықта күй­дірмейтін – киім. Әуретті жер­ді жабатын да, сыртқы соққыдан қор­ғайтын да – киім. Бәрінен бұ­рын адамға, оның денесіне ең жа­қын зат – киім. Алланың ерлі-зайыптылардың жағдайын түсін­діруде «киім» сөзін пайдалануы­ның бұдан басқа хикметі көп-ақ… Киім секілді ер мен әйел – бір-бі­рі­не қорғаныш, сүйеніш, бір-бі­рі­нің ар-ұятының абыройы, өмірлік жолдас, т.б.
Бұл – пайғамбарымыздың (с.ғ.с) романтикалық өмірінен бір үзік сыр…Расында, Алла Елшісінің Құ­дай қосқан жарының арасындағы махаббат, романтика, нәзік сезім, шы­найы сенім, сүйіспеншілік, ыс­тыққа бірге күю, суыққа бірге тоңу… тағысын тағылар адамзат ба­ласы үшін өлмес өнеге, мәңгілік ғи­брат.

Бұл – пайғамбарымыздың (с.ғ.с) романтикалық өмірінен бір үзік сыр…

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,
ҚМДБ Баспасөз бөлімінің басшысы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір