БІЛІМ БЕРУ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
11.11.2016
1748
0

51591565Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақстан Жоғарғы мектебінің Ұлттық ғылым академиясы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ашық білім беру ұлттық платформасының тұсаукесу рәсімін өткізді. Алғашқы отандық онлайн-білім беру платформасын құру бастамасына ИИДМБ-2 жүзеге асыру үшін мамандарды даярлап жатқан университеттермен қоса Қазақстанның 12 жетекші жоғары оқу орны қосылды.

Ашық онлайн-платформа жо­басы ҚР-ның 2011-2020 жыл­­дарға арналған білім бе­ру­ді дамыту мемлекеттік бағ­дар­ламасын және e-learning элект­рондық білім беру жүйесін ен­гізуді жүзеге асыруға ба­ғыт­талған. Ол апробациядан сәт­ті өтіп, бүгінгі таңда тұ­тыну­шыларға қазақстандық уни­верситеттердің сапалы он­лайн-курстарын ұсынуда. Жап­пай ашық онлайн курстары (ЖАОК) студенттер мен қы­зығушылық танытушылар үшін қосымша кәсіби құзырет алудың маңызды қайнар көзі бо­лып табылады және ІТ-тех­нологиялар арқылы білім беру қызметінің спектрін арттырады.

«Қазіргі таңда Қазақ­стан­дық білім беру жаңа иннова­ция­­лық мүмкіндіктерді ие­лену­де. Жоғары білім беру са­ла­ларының сарапшылары ЖАОК-ты 2028 жылға дейінгі білім беруді дамытудың 30 перс­пективалық тенденция­сы­ның айрықшасы деп атап көр­сетті. Мемлекет басшысы әр­қашан бәсекеге қабілетті ұлт­тың  деңгейі оның білімімен анықталады деп баса айтады. Осы ретте  ЖАОК Ұлттық плат­­­формасын іске қосу отан­дық  жоғары білім беру жүйе­сін дамыту тарихында ма­ңыз­ды оқиға болып табылады», – деп атап көрсетті ҚазҰУ рек­торы академик Ғалым Мұтанов.

Бүгінгі таңда белгілі шет­ел­дік ЖАОК платформалары курстардың  ауқымды  спек­трін ұсынуда және сапалы білімді әлемнің миллион­даған тың­дау­шыларына қолжетімді етіп отыр.

Әл-Фараби атындағы Қаз­ҰУ-дың ЖАОК даярлау мен ен­гізу бойынша үлкен тәжіри­бесі бар. «Open EdX» (Гарвард уни­верситеті), «Coursera» (Стэндфорд университеті) бі­лім беру жүйесінің платформасында ашық курстар апробациядан өтті. Қазақстан Жо­ғарғы мектебінің Ұлттық ғы­лым академиясы мен әл-Фа­раби атындағы ҚазҰУ еліміздің ЖОО-лары үшін ЖАОК бо­йынша серверлерді басқару, тех­нологиялық және ме­то­до­логиялық жағынан қол­дау көрсетіп, біліктілікті арттыру кур­старын әзірлеп, оларды өт­кізетін болады.

ҚЖМ ҰҒА және елдің же­тек­ші Университеттер консорциумы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды барынша қолдана оты­рып, сапалы білім беру  бағ­дарламаларын жүйелі дамыту мақсатында құрылған ЖАОК Ұлттық платформасы­ның нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қазақ­стан­дық ЖАОК платформасын іске қосу отандық ЖОО-ларға тиімді желілік өзара байланыс­ты жүзеге асыруға және курс­тармен алмасуға, халықара­лық білім беру ортасында бә­се­кеге қабілеттілігін арт­тыру­ға мүмкіндік береді.

Жаппай ашық онлайн-кур­с­­та­рын белсенді енгізудің ке­ле­шегі академиялық ұтқыр­лық­ты жоғарылату есебінен отан­дық университеттердің ха­лықаралық рейтингтерде по­зициясын жақсартуға мүм­кіндік береді, сондай-ақ, білім бе­ру қызметі нарығында олар­дың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір