БІЛІМ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
28.10.2016
1029
0

????????????????????????????????????

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне Қытай Халық Республикасының Білім министрі Чжу Чживэн келіп кетті.

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында және Қытай Халық Республикасының «Жібек жолының экономикалық аймағы» атты жобасы негізінде  екі елдің жаһандық бастамасын іске асыруда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ҚХР  университеттерімен белсенді келісім  шараларын жүргізуде.

ҚазҰУ Жаңа Жібек жолының университеттер Альянсіне кіреді, ал ректор Ғалым Мұтанов  аталмыш мекеменің жауапты комитетінің вице-президенті. Сонымен қатар, көпжылдық ынтымақтастықтың маңызды нәтижесі 2016 жылдың көктемінен бастап Бейжің  шет тілдер университе­тінде  қазақ тілін оқыту бағдарламасы басталған.

«2015 жылы Қытай университеттерінде 13000-ға дейін қазақстандықтар білім алған, оның 693-і шәкіртақылық бағдарламамен,  жыл сайын ҚазҰУ-да 200-ге жуық қытай студенті білім алады, ал Қазақстанда 1300 қытайлық оқиды»,– деп атап өтті Чжу Чживэн.

ҚХР  Білім министрінің орынбасарының айтуынша, ҚазҰУ Қытайдың солтүстік-шығыс бөлігінің университет­тері­мен серіктестік тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ғылыми-зерттеу іс-әрекеті барысында екі жақ келісімді нығайтуға және кеңейтуге, оқытушы кадрларын алмастыру мен академиялық алмасуды дамытуға дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ, екі жақ ортақ оқыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында кезекті халықаралық  аударма орталығына нақты маман ретінде кәсіби аудармашылар дайындау, оның ішінде IT-технология бойынша маман әзірлеу бағдарламасын, бірігіп ғылыми жобалар мен зерттеулер жүргізу, жазғы мектеп, тренингтер ұйымдастыру, шет ел профессорларының келуін назарға  алып, халы­қаралық келісімнің жоба-жоспарын анықтады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір