АЛМАТЫМ – АРДА ОРДА!
Әні мен өлеңі Әлімжан ДӘУІТҰЛЫНІКІ
Армандай алау Алматым,
Ардан да артық ардағым!
Арайлап атып ақ таңың,
Есімде алғаш барғаным!
Алатаудың алқасындай,
Жетісудың ақ тасындай!
Астана болдың асқақтап,
Ақыл-ойдың Патшасындай!
Қайырмасы:
А-а-а-о-о-о-у!
Қасиетті Алматым –
Алла берген есімі!
А-а-а-о-о-о-у!
Жерұйығым –Жәннатым –
Айқара ашық есігі!
Тәуелсіздік бесігі! 2 рет.
Болсаң, егер зейінді,
Жыл санауға дейінгі.
Х-ІХ ғасырларда,
Бабалар салған таңба!
Захириддин шах Бабыр,
Заманының Ордасы.
Дулати Мұхаммед Хайдар,
Әуелгі тарих – сөз басы.
Қайырмасы:
Ақылды, қаһарман қала,
Ағылған тау менен дала!
Желтоқсанда даңқы асқан,
Асыл арқау – ой мен сана!
…Он алтыншы желтоқсан,
Сұрапыл дауыл-жел соққан!
Сұр аспан тұрды өлім төгіп,
Алматыма ажал төніп!
Қайырмасы:
Желбіреп жастық Жалауы,
Мұзға жақты алауын!
Қазақтың хас батырлары,
Ұлтының айтты қалауын!
Асқынса да қаншама,
Зұлымдық пен менмендік,
Күші басым болса да,
Әділдік жеңді – Біз жеңдік!
Қайырмасы:
Барыс батыр – Желтоқсан,
Қасіретім – Қасиетім!
Жендеттерді сең соққан,
Асқақ Рухым – бас иетін!
Жер-жаһанға жар салды,
Демократия жаңғырығы!
Адамзатқа ой салды,
Алланың ақ таңғы нұры!..
Қайырмасы:
Сазгері қайырған қияннан,
Тыңдаған құлақ қуанған!
Көк туым шалқи желбіреген,
Анамдайсың елжіреген!
Тамсантып қақтырған таңдай,
Миуалы бауларың балдай!
Аспантау, Талғар, Үшқоңыр,
Тәкаппар шыңдарың қандай?!
Қайырмасы:
Ақыл-ойдың тартуындай,
Аспажолдың өр тартуын-ай!
Көлайттап көктің жүзінде,
Құс пен ұшақтың қалқуын-ай!
Жайнаған шақ жұлдызы мың –
Жанарындай ұл-қызының!
Бұлбұл болып сайрасаң да,
Таусасың ба, таң қызығын?!
Қайырмасы:
Қызғалдақтай нарт ашылған –
Алатаудан нұр шашылған!
Ақ жауындай бір басылған,
Шабытым кетпе қасымнан!
Адуын адам-ағыстар,
Зулайды күн-түн Көктөбеге.
Көз салып қиян-Ғарышқа,
Ғажап өмір, өкпелеме!
Қайырмасы:
Алматым – Арда ордам,
Селіңменен сескендірме!
Халқыңа бол, мәңгі Қорған,
Асқақ Ұлы көшпен бірге!
Ұлы Дала мақтанышы,
Қазағымның ар-намысы!
Тектінің зор талғамысың,
Арлының пәк арманысың!
Қайырмасы.