ТЕЛЕГЕЙ ТЕҢІЗ МАРАЛ АҒАМ…
23.09.2016
1657
0

maral-a-aМарал Хасен. Май­талман журналист. Кәсіби аудармашы. Бұ дүниеден озып, мәңгілік сапарына аттанға­ны­на бүгін 40 күн толып отыр. «Бір гүл толып ашылады, бір гүл солып ашылады». Марал Ха­сен­нің таланты боқ дүниеден алшақ­тап, бірыңғай шы­ғар­машылық жұ­мыс­пен айналыс­­қан кез­де жарқырай ашылды. Оған дейін бітпейтін, «бірі бітсе, бірі даяр тұратын» журналистиканың топаны мұрша бермеді. Саяси шолушы. Күнделікті ақпарат тасқыны. Партияның қаулы-қарарлары… Ол бәрінен өтті. Бәрін басынан кешірді. Бірақ әлдекімдей саяси конъюнктураға бола бойдағы бұла талантын айырбастамады. Бала кездегі саф таза арман іште булығып жата берді. Алғашқы асу – 16 жасында жасалған аударма. Тырнақалды. Одан кейін… күнделікті тіршілік. Үздіксіз ізденіс. Таным аумағын шексіз кеңейту. «Майдағы жұрттың іші қар, Бәйшешек қарға өнер ме?! Ішінде кімнің оты бар, Қар жауса да сөнер ме?». От сөнбеді. «Құдай жаққан шырақты сөндіремін дегеннің сақалы күйеді». Жүйе құлады. Марал Хасен – Теңіз Са­ғынтайұлы бостандыққа шықты. Әдебиет әлемінің алыптары күпі киген қазақтың тілінде сөйлей бастады. Әттең… көңіл тозбағанмен дене тозады. Көп арман ағамның ішінде кетті. Ауру меңдеп, мұрша бемей жатқандағы қол созған ең соңғы кітабы – Пастернактың «Доктор Живагосы» екен. Соны аударсам деп еді… «Құдай оңғарайын деген пен­десіне қатынын лайықты қылып жолықтырады». Ағамның ендігі шырақшысы – Рымкеш апай. Ағам еркелетіп Қалиақпар дейтін.. Бақыл бол аға, жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын!

Омар ЖӘЛЕЛҰЛЫ.
Астана.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір